К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет108/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

51 – сурет. Мезенхима 

Қан жене лимфа 


109
Қан — сұйық тірі ішкі орта ұлпасы. Ол тұйык қан айналым жүйесінде 


үздіксіз қозғалыста болып, организмнің барлық мүшелер жүйелерін


біріктіріп, біртұтас етіп, олардағы ұлпалық жəне жасушалық деңгейдегі зат 
алмасуды қамтамасыз етеді. Жануарлар организмінде қан тасымалдау
(қоректік заттарды — мүшелерге, ұлпаларға, жасушаларға; ыдырау өнімдерін 
бөлу
мүшелеріне; 

ұлы
заттарды 


залалсыздандыру
үшін

бауырға
тасымалдайды), газ алмасу (оттеггі өкпеден организм мүшелеріне, 


ұлпаларына,
жасушаларына; 
көмірқышқыл
газын,

керісінше,


дене

мүшелерінен өкпеге алып барады), трофикалық (қан мен ұлпалар


арасындағы қоректік заттар алмасуын қамтамасыз етеді), қорғаныс 
(микроорганизмдерді, бөгде белоктық жəне ұлы заттарды жоюға қатысады),
реттеу (биологиялық белсенді заттардың, гормондардың көмегімен зат
алмасуды реттеуге қатысады), бөлу (белоктық, азоттық алмасу өнімдерін 
бөлу мүшелеріне — бүйрекке, тер бездеріне жеткізеді), дене қызуын реттеу
(бұлшық ет пен бауырда түзілген жылуды денеге біркелкі таратады) 
қызметтерін атқарады.
Ұрықтық даму кезінде қан мезенхимадан дамиды, ал кейіннен ол қан 
жасаушы мүшелерде түзіледі. Орта есеппен жануарлар дене массасының 7-
10% -ы қанның үлесіне тиеді. Қан барлық ішкі орта ұлпалары сияқты қан 
жасушаларынан (формалы элементтер) жəне плазмадан (қанның сұйық бөлігі
— жасушааралық зат) тұрады. Қан жасушалары қанның 40-45% -ын, ал қан 
плазмасы 60-55%-ын құрайды.

Қан плазмасы — қаның сарғыш түсті сұйық жасушааралық заты. Оның
90-92% -ы су, 8-10% -ы құрғақзат. Құрғақ заттың 7,6-8,5%-ы белоктар, 1,0-
3,5%-ы органикалық жəне минеральдық заттар. Органикалық заттардың
негізгі бөлігін белоктар: альбуминдер, глобулиндер, фибриноген кұрайды. 


Альбуминдердің қан плазмасындағы мөлшері глобулиндерге қарағанда екі
еседей көп. Олар бос май қышқылдарын, билирубинді (бояғыш зат), дəрі-
дəрмектерді, витаминдерді, гормондарды тасымалдайды. Глобулиндер
организмдегі қорғағыш белоктар антиденелер. Олар денедегі сұйықтық 
(гуморальды) иммунитетті қалыптастырады. Фибриноген қанның ұю
процесін іс жүзіне асырады. Ұю кезінде қан плазмасындағы фибриноген 
белогі қан плазмасында ерімейтін фибрин талшықтарына айналып,
плазмадан қанның сары түсті сұйығы бөлінеді. Оны қанның сарысуы — деп 
атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет