К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Дəнекер (тірек-торфикалық немесе ішкі орта) ұлпалары



бет107/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Дəнекер (тірек-торфикалық немесе ішкі орта) ұлпалары 

Дəнекер (ішкі орта) ұлпалары көп жасушалы жануарлардың алғашқы
даму сатылырында эпителий ұлпаларымен қатар дамып жетілген көне 
құрылымдарға жатады. Ішкі орта ұлпаларына тірі сұйық ұлпалар (қан,
лимфа), дəнекер ұлпалары (ретикулалы, май, борпылдақ жəне тығыз дəнекер 
ұлпалары), қаңқа дəнекер ұлпалары (шеміршек, сүйек ұлпалары) жатады.


108
Аталған ұлпалардың барлығы құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Олар 




жасушалардан жəне олардың өнімдері — жасушааралық заттан тұрады.
Ішкі орта ұлпалары жасушаларында эпителиоциттермен салыстырғанда 
полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды.
Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, 
массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда əлдеқайда мол
болады. Сондықтан, жасушааралық заттар ішкі орта ұпаларының маңызды, 
атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық
т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Жануарлар организмдерінде құрамында 
ішкі орта ұлпаларының элементері кездеспейтін мүшелері болмайды.
Дəнекер ұлпалары түтікше жəне қабатты мүшелердің қабықтары мен 
қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дəнекерлеп, олар
біріктіріп бір түтас ететін стромасын құрайды, əр түрлі мушелердегі 
перделіктерді,
қапшықтарды, 
дене
шандырларын, 

қаңқа
сүйектері 


байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі
ортасын түзеді. Дəнекер ұлпаларының 
жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына 

келу жəне өзгергең ортаға бейімдеу кабілеттері жақсы жетілген. Барлық ішкі


орта ұллары
эмбриондық дəнекер ұлпасы - мезенхимадан дамып жетіледі. 


Мезенхима
-
негізінен 

мезодерманың


дерматом, 
склеротом,
спланхнотом бөліктеріңен жəне ұрықтың бас аумағындағы эктодерм 
туындысы - ганглионды пластинкадан (нейромезенхима) дамып, ұрықтың
ішкі ортасын қалыптастыратын дəнекер ұлпасы. Ол бір-бірімен өзара 
өсінділері арқылы жанасып, жасушалар байлаңысы (синцитий) тəрізді
құрылым түзетің тармақты өсіңділі жасушалардан құралған. Мезенхима 
жасушалары аралығындағы кеңістіктерде, іштегі дамудың алғашқы
сатыларында ұрық организміндегі зат алмасу процестерін іс жүзіне 
асыратын негізгі аморфты (пішінсіз) зат орналасады. Мезенхима
жасушалары митоз арқылы жедел көбейіп, ұрық организміңде жетілетін 
мезенхиманың туынды ұлпаларына айналады. Мезенхимадан бірінші кезекге
зат алмасу, тасымалдау жəне қорғаны қызметтерін атқаратын тамырлар 
жүйесі мен қан түзіледі.

Эндотелий — қан жəне лимфа тамырлары мен жүректің ішкі бетін
астарлайтын мезенхима туындысы. Ол бір-бірімен тығыз байланысып бір 
қабатта орналасқан, ұзынша келген (ұзындығы 5-175 мкм) жұқа (биіктігі 1-5
мкм) жасушалар — эндотелиоциттерден құралған. Эндотелиоциттердің 
құрылысы эпителиоциттерге ұкса оларда полярлық айырмашылықтар бар.
Олардың тамырлар қуысына қараған апикальды ұшында микробүр мен 
цитолазмасында пиноцитозды көпіршіктер болады. аппақ құрылымдардың
болуы

эндотелиоциттердің


зат

алмасу
процессіне 


белсенді
қатысатындығының айғағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет