К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет105/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Сыртқы секреция бездері немесе экзокринді (грек, ехо - сыртқа; krino
- бөлу) бездер бөліндісі секрет — деп аталады. Олар секреттерін сыртқы 
ортаға, мысалы, терінің сыртқы бетіне немесе куысы сыртқы ортамен
қатысатын мүшелер куыстарына (түтікше ішкі мүшелер) шығарады. 
Сондықтан, экзокринді бездер екі бөлімнен: секрет бөлетін бездің соңғы
бөлімдерінен жəне шығару өзектерінен тұрады. 


49 – сурет. экзокринді кұрылысының нобайы (А. В. Немилов бойынша) 
1 - шығару езектері, 2 - бездің сыртқы дəнекер ұлпалық өзіндік қабығы, 3 - жүйке 
талшықтары, 4 - безді жасушалар (гландулоциттер), 5 - бөлінген бөлінді, 6 — бездің
бөлінді бөлетін сонғы бөлімі, 7, 8 - қан тамырлары, 9 - жүйке талшықтары, 10 - сыртқа 
бөлінетін секрет
Экзокринді бездер құрылысына, бөліндіні (секретті) бөлу түріне, 

секретінің құрамына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Шығару


өзектерінің тарамдалу сипатына қарай, сыртқы секреция бездері: қарапайым 
жəне күрделі экзокринді бездер болып бөлінеді. Қарапайым экзокринді 

бездердің бір ғана шығару өзектері, ал күрделі экзокринді бездердің
шығару өзектері бірнеше тарамға таралады. Қарапайым экзокринді бездер 
соңғы бөлімдерінің тарамдалу сипатына қарай: тарамдалмаған жəне
тарамдалған болып ажыратылады. Бөлінді бөлетін соңғы безді бөлімінің 
пішіні мен құрылысына байланысты экзокринді бездер: түтікше, көпіршікше
(альвеола тəрізді) жəне түтікше-көпіршікше (аралас) бездерге бөлінеді. 
Сонымен, жануарлар организмдерінде экзокринді бездердің төмендегідей
түрлерін кездестіруге болады. Олар: 1. қарапайым тарамдалмаған түтікше 
бездер, 2. қарапайым тарамдалған түтікше бездер, 3. қарапайым


107
тарамдалмаған көпіршікше бездер, 4. қарапайым тарамдалған көпіршікше 


бездер, 5. күрделі тарамдалған түтікше бездер, б.күрделі тарамдалған


көпіршікше бездер, 7.күрделі тарамдалған түтікше-көпіршікше бездер. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет