К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Бездердің бөлінді бөлу түрлері А — бөлінді бөлудің мерокринді түрі



бет104/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

48 — сурет. Бездердің бөлінді бөлу түрлері А — бөлінді бөлудің мерокринді түрі, 

Б — бөліңді бөлудің апокринді түрі, В — бөлінді бөлудің голокринді түрі. 
1 — көбею сатысындағы жас гландулоциттер, 2 — гландулоциттердегі бөліндінін 
(секреттің) түзілу кезеңі, 3 — гландулоциттердің бұзылып, ішіндегі бөліндінін
сыртқа шығу кезеңі. 
Бөліндіні бөлудің мерокринді түрінде гландулоцит плазмолемасының 

бүтіндігі бұзылмайды. Бөлінді гландулоцит плазмолеммасы аркылы


диффузды жолмен сүзіліп сыртқа шығарылады. Бөлінді бөлудің апокринді

106
түрінде гландулоциттің бүтіндігі жартылай бұзылады. Оның апикальды 


ұшына жиналған бөлінді, жасуша плазмолеммасымен бірге үзіліп секрет


тамшыларына айналады. Бөлінді бөлудің голокринді түрінде гландулоцит 
протоплазмасы толығымен бөліндіге толып жарылады да, безді жасуша
толық бұзылып, ішіндегі жиналған бөлінді сыртқа шығарылады. 5- кезең — 
бөлінді бөлінгеннен соң, гландулоциттердің қалпына келуі. Бұдан кейін,
бөлінді бөлудін кезендері кезегімен қайтадан қайталанады. 


Бездердің жіктелуі. Бездер — өзінен арнайы бөлінді бөлуге
маманданған жеке жасушалар немесе жасушалар топтары, болмаса жеке 
мүшелер. Құрылысына байланысты бездер біржасушалы жəне көпжасушалы
болып үлкен екі топқа бөлінеді. Бөліндіні шығару ортасына қарай бездер: 
сыртқы секреция немесе экзокринді бездер жəне ішкі секреция немесе
эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. 


Ішкі секреция бездері немесе эндокринді (грек, endon - ішке; krino —
бөлу) бездер бөліндісі - инкрет (ішке бөлу) немесе гормон (қоздырушы зат 
— грек, hormao — қоздырамын) — деп аталады. Эндокринді бездер
гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа 
сұйығына) шығарады. Сондықтан, эндокринді бездер тек бөлінді бөлетін
безді бөлімнен түрады. Олардың сыртқа шығару өзектері болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет