К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет112/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Эозинофилді гранулоциттер — хемотаксис (антидене, гистамин, ұлпа
базофилі — лаброциттер бөлетін майда молекулалы факторлар) қасиеті 
жақсы жетілген, ірі дəншелері эозин бояуымен айқын қызыл түске боялеған,
қозғалмалы жасушалар. Эозинофилдер лейкоциттердің жалпы санының 2-
12% -ын құрайды. Олардың орташа диаметрі 12—18 мкм, ядроларында 2-3
сегмент болады. Нейтрофилдермен салыстырғанда эозинофилдердің қимылы 
енжарлау келеді жəне фагоцитоздық белсенділігі де төмен. Эозинофилдер


113
түйіршіктерінің 


ферменттері


қабыну

аймағындағы


гистаминді 
бейтараптандырып, антигистаминдік қызмет атқару арқылы қабыну
процесінің 
тоқтауына
көмектеседі. 
Паразит
аурулары 
(фасциолез,
эхинококкоз 
т.б.)
кезінде

эозинофилдердің


саны

қанда
көбейіп

(эозинофилез),
олар

организмдегі


антипаразиттік 
иммунитеттің
қалыптасуына ат салысады. 


Базофидці гранулоциттер — жануарлар қаны лейкоциттерінің жалпы
санының 0,5-2% құрайды. Ал бұл көрсеткіш құста — 3-4%-га, 
қосмекенділерде - 20% -га тең. Базофилдердің қан жағындысындағы диаметрі
10—12 мкм, олардың ядроларында да аздаған сегменттер болады, пішіні 
көбіне иілген таяқ тəрізді болып келеді. Базофилдердің сыртқы бетінде Е
иммундыглобулиндерімен байланысатын арнайы рецепторлар бар. Антиген 
мен
антиденелердің 

əрекеттесуінен


түзілген 
кешендер,
базофилдер 
дəншелерінің бұзылып, одан гистамин мен гепариннің бөлінуіне əсерін
тигізеді. Базофилдер иммунологиялық реакцияларға қатысып, жануарлар 
организмінде аллергиялық реакциялардың өрбуіне əсер етеді.
Моноциттер қан жағындысындағы диаметрі жағынан ең ірі
лейкоциттерге жатады. Олардың орташа диаметрі 18-20 мкм, цитоплазмасы 
көгілдір сұр түске боялған, ядросының пішіні көбіне лобия тəрізді болып
келеді. Ядроның шеткі жағында хроматиндер жиынтығы мен бір немесе 
бірнеше ұсақ ядрошықтар орналасады. Моноциттер қандағы лейкоциттердің
жалпы санының 1-8% -ын құрайды. Цитоплазмасында лизосомалар, 
пиноцитоз көпіршіктері, Гольдж кешені, майда митохондриялар мен
азурсүйгіш гранулалар жақсы жетілген. Моноциттер қызметі жағынан 
нейтрофилдерге ұқсас, ягни олар фагоцитоз процесіне белсене қатысады.
Қандағы моноциттер — ұлпалар мен мүшелердегі макрофагтардың (ірі 
обыр жасушалар) бастамасы. Олар жануарлар организмдерінің қан
айналымында 12-36 сағат болганнан кейін, қан капиллярларынан қоршаган 
ұлпаларга өтіп, қозғалмалы немесе тұрақты макрофаг тарга айналады.
Макрофагтардың цитоплазмасында лизосомалар мен фагосомалар дамып 
жетіледі. Организмдегі иммундық қабыну реакциясы кезінде моноциттер
қаннан ұлпаларға көптеп өтеді. Əсіресе, бұлар созылмалы қабыну ошағында 
организм үшін көптеген пайдалы қызметтер атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет