112
жатады. Қандағы лейкоциттер санының өзара пайыздық ара қатынастарының
көрсеткішін лейкоциттер формуласы — деп атайды. Жануарлардың түріне,
тұқымына, жасына, жынысына байланысты лейкоциттер формуласының
көрсеткіштері тұракты болып келеді. Корсеткіштердің бұзылуы белгілі бір
ауруларға тəн құбылыс. Сондықтан, лейкоциттер
формуласын анықтаудың
ветеринариялық практикадағы маңызы зор.
Нейтрофилді гранулоциттер — хемотаксис (химиялык факторларға
жауап беру) қасиеті жақсы жетілген қозғалмалы жасушалар. Жануарлар
организміндегі фагоцитоз процесіне белсеңді қатысуына байланысты
нейтрофилді гранулоциттерді И. И. Мечников микрофагтар (ұсақ обыр
жасушалар) — деп атаған.
Олар қан айналымында бірнеше сағат қана
болады. Одан соң, олар организмге сыртқы ортадан енетін экзогенді
(бактериялар мен вирустар бөлетін заттар) жəне организмнің өзінің ішінде
пайда болатын эндогенді (өлген лейкоциттер мен ұлпалардың ыдырау
өнімдері) факторлардың əсеріне байланысты же
дел қан капиллярларынан
қоршаған дəнекер ұлпасына өтеді де, жалған аяқтарының көмегімен қозғала
отырып, əсер етуші факторлар немесе қабыну аймағына барып, фагоцитоз
(бөгде
заттарды қармап, цитоплазмасындагы ферменттердің кемегімен
оларды қорытып жояды) процесіне қатысады. Фагоцитоз кезінде өлген
нейтрофилдер мен қабыну аймағындағы ұлпалардың ыдырау енімдерінен
ірің түзіледі. Нейтрофилді лейкоциттер: сегментті ядролы,
таяқша ядролы
жəне балғын нейтрофилдер болып үшке бөлінеді. Нейтрофилдер орта
есеппен лейкоциттердің жалпы санының 65-70% -ын құрайды. Олардың 60-
65%
-ы
сегментті
ядролы
нейтрофилдердің
үлесіне
тиеді.
Қан
жағындысындағы нейтрофилдердің орташа диаметрі 9-12 мкм. Олардың
ядролары бір-бірімен жіңішке мойыншықтар арқылы жалғасқан 2-5
бөліктерден (сегменттерден) тұрады. Нейтрофил цитоплазмасында табиғаты
екі түрлі: ірі азурсүйгіш (20%) жəне майда арнайы (80%) гранулалар болады.
Азурсүйгіш фанулалар — лизосомалар. Қармалған фагосомаларға (бөгде
заттар, бактериялар т.б.) алдымен арнайы гранулалар ферменттері —
сілтілі
фосфатаза əсер етеді. Одан соң азурсүйгіш гранулалардың гидролаза
(еріткіш) ферменттері оларды толығымен қорытады.
Таяқша ядролы
нейтрофилдердің үлесіне 3-5% тиеді. Олардың ядроларының пішіні имек
таяқ тəрізді болып келеді. Ал балғын нейтрофилдер қалыпты жағдайда тым
сирек кездеседі (0,5%), ядроларының пішіні лобия тəрізді. Қандағы таяқша
ядролы жəне жас (балғын) нейтрофилдер санының көбеюі — организмдегі
қабыну процестерінің күшейіп, малдың ауруға шалдыққанының белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: