137
еріксіз жиырылатын етті қабықғары мен қабаттарын түзеді. Ұлпа
миоциттерінің мөлшері мүшелердің құрылысы мен физиологиялық
жағдайларына байланысты, ұзындығы -20 мкм -ден 500 мкм -ге, ені — 6 мкм
-ден 20 мкм -ге дейін өзгеріп отырады. Олардың ұзынша келген ядролары
жасушалардың ортаңғы жуандау келген тұсында, ал органеллалары мен
гликоген түйіршіктері ядро маңындагы цитоплазмада орналасады. Миоцит
цитоплазмасында жиырылу процесін іс жүзіне асыратын белокты жіпшілер
—
миофибриллалар (арнайы органеллалар) жасушаның ұзын бойымен
бойлай орналасады. Олар кезегімен орналасқан актин жəне миозин
миофиламенттерінен
құралған.
Миозин
миофиламенттері
актин
миофиламенттеріне қарағанда 3-24 есе жуан. Жиырылу процесі кезінде
аталған миофиламенттер бір-біріне жанаса еніп, қысқарады. Миоциттер
сыртынан екі қабат қабықшамен: сыртқы негіздік жарғақпен жəне ішкі
миоцит плазмолеммасымен қапталған. Бұлардың аралығында ені 15-20 нм
кеңістік қалады. Миоциттер бір-бірімен тым жіңішке коллаген жəне эластин
талшықтары аралықтарымен өзара байланысып жатады. Бұл аралықтар
эндомизий - деп аталады. Ондаған миоциттер бір-бірімен тығаз (десмосома,
нексус, тығыз байланыс) дəнекерлене байланысып, бірыңғай салалы ет
ұлпасының құрылымдық бірлігі — миоциттер шоғырларын жасайды.
Олардың арасында ет ұлпасын қоректендіретін жəне оның қызметін
реттейтін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер отетін, дəнекер ұлпалық
аралықтар қалады. Бұл аралықтар перимизий — деп аталады. Бірыңғай
салалы ет ұлпасының қабықтары мен қабаттары сыртынан дəнекер ұлпалық
қапшықпен қапталады.
Достарыңызбен бөлісу: