К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Пластинкалық сүйек ұлпасының остеондар жүйесі. (минеральды



бет137/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

63 — сурет. Пластинкалық сүйек ұлпасының остеондар жүйесі. (минеральды 

тұдары еріп кеткен тығыз сүйек затының көлденең кесіндісі). 
1 - остеон (сүйек пластинкаларының гаверс жүйесі): а — остеон өзегі (қан 
тамырлары өтеді), б — сүйек пластинкалары, в — сүйек лакуналары, г — сүйек
өзекшелері; 2 — сүйек пластинкаларының ендірме жүйесі, 3 — ендірме жүйсінің бұзылу 
жиегі.


Сүйек ұлпасының дамуы — остеогенез. Жануарлар организмінде
остеогенездің екі түрі ажыратылады. Олар: ұрықтық (эмбриондық) 
остеогенез жəне туғаннан кейінгі остеогенез.
Эмбриондық остеогенезде сүйек ұлпасы мезенхимадан екі түрлі жолмен 
дамиды: 1) жарғақтық остеогенез — сүйек ұлпасының тікілей мезенхимадан
дамуы; 2) сүйек ұлпасының шеміршек орнында дамып жетілуі.
Туғаннан кейінгі остеогенез жануарлар қаңқа сүйектерінің қалпына 

келуімен (регенерация) шектеледі.


Эмбриондық жарғақтық остеогенез сүйек ұлпасының тікелей
ұрықтық дəнекер ұлпасы — мезенхимадан даму процесі. Жарғақтық 
остеогенез арқылы бассүйектің жабынды жалпақ сүйектері дамып жетіледі.
Ұрықтың алғашқы даму сатыларында мезенхима жасушалары белсенді 
бөлініп, остеобласттарға айналады. Олар өздерінен талшықты дəнекер
ұлпалық жарғақтан тұратын сүйек ұлпасының жасушааралық затын түзеді. 
Жетілген остеобласттар жасушааралық затты түзу процесін тоқтатып, өздері
түзілген жасушааралық заттың арасыңда қалып, остеоциттерге айналады. 
Өсінділі тармақты остеоциттер бір-бірімен өсінділері арқылы жанаса
жалғасып, жасушааралық затта остеоциттер денелері орналасқан шұңқырлар 

135
(лакуналар) жəне өсінделері жатқан сүйек өзекшілерін түзеді. Жасушааралық 


затты құрайтын коллаген талшықтар шоғырлары тұздар ерітінділерін сіңіріп


қатайып, алдыңғы кезде ірі талшықты сүйек ұлпасына айналады. Кейіннен, 
мезенхимадан түзілген остеокласттар ірі талшықты сүйек ұлпасын ерітіп
бұзады. Ал остеобласттар қайтадан жаңа пластинкалық сүйек ұлпасын түзеді. 
Нəтижесінде біріншілік сүйек ұлпасы жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет