170
Шошқада тісше өсінді конус тəрізді.
Жұқа жалпақ жоталық қырдың
артқы жағы көтеріңкі келеді.
Итте тісше өсінді жіңішке цилиндр тəріздес. Жоталық қыр краниальды
бағытта тісше өсінді деңгейіне дейін созылып, ал
артқы бағытта каудальды
буын өсінділеріне қосылып кетеді. Алдыңғы омыртқааралық тесіктің
орнында
омыртқааралық ойық (incisura intervertebralis) болады.
Ортаңғы мойын омыртқаларға үшінші, төртінші жəне
бесінші мойын
омыртқалары жатады. Олардың кұрылысы бір-біріне ұқсас. Омыртқа басы,
краниальды буын өсіндісі жақсы жетілген. Екі бүйірінде қан тамырлары мен
жүйкелерге арналған көлденең тесіктер болады.
Көлденең өсінділері
қосарланып, өз кезеңінде: жоғарғы көлденең жəне төменгі қабырғалық
(қабырға қалдығы) өсінділерге ажырап тұрады.
Ерекшеліктері. Жылқының ортаңғы мойын омыртқаларының тұрқы
ұзын, жоталық өсінділерінің орнында тым аласа жоталық қыр болады.
Сиыр, қой жəне
ешкі ортаңғы мойын омыртқаларының тұрқы қысқалау
келеді. Жоталық өсінділері жақсы жетілген.
Шошқаның ортаңғы мойын омыртқаларының
денелері мен доғалары
қысқа, жоталық өсінділері жіңішке жəне ұзын болып келеді.
Итте омыртқа денелерінің басы мен шұңқыры жалпақ болып келеді,
вентральды қырлары тек омыртқа денесінің артқы жағында жақсы көрінеді.
Үшінші мойын омыртқада
жоталық өсінді болмайды, ал төртінші
омыртқадан бастап, ол артқа қарай ұзара береді.
Каудальды буын
өсінділерінің жоғарғы жағында
емізікше өсінділер орналасады.
88 - сурет. Білік (толгау) омыртқа А — сиыр, Б — шошқа, В — жылқы
1 — тісше өсінді, 2 — омыртқааралық тесік, 3 — жоталық қыр, 4 — каудалды буын
өсіндісі, 5 — омыртка тесігі, 6 — омыртқа доғасы, 7 — көлденең өсінді, 8 — омыртка
шұңқыры, 9 — краниальды буын беті, 10 — омыртқа денесі, 11 — вентральды қыр.
Достарыңызбен бөлісу: