К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет176/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

МОЙЫН, БЕЛ, ҚҮЙЫМШАҚ ЖƏНЕ ҚҰЙРЫҚ 

ОМЫРТҚАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 

Мойын омыртқалар (шейные позвонки) — vertebrae cervicales —
барлық сүтқоректі жануарларда жеті омыртқадан тұрады. Құрылысы жағанан 
бірінші, ауыз омыртқа, екінші, толғау омыртқа немесе білік, алтыншы жəне
жетінші мойын омыртқалар өздеріне тəн кұрылыс ерекшеліктерімен 
сипатталады. Ал үшінші, төртінші жəне бесінші мойын омыртқалардың
құрылысы бір-біріне ұқсас. Сондықтан, осы үш мойын омыртқаларды 
біріктіріп, ортаңғы мойын омыртқалары — деп атайды.

Ауыз омыртқа немесе атлант (atlas) бірінші мойын омыртқа. Атлантта
омыртқа денесі болмайды. Ол дорсальды жəне вентральды доғалардан 
(arcus dorsalis et ventralis) құралған. Олардың сыртқы беттерінде аттарына
сəйкес дорсальды жəне вентральды төмпешіктер (tuberculum dorsale et 

169
tuberculum ventrale) орналасады. Аталған доғалар омыртқаның екі бүйірінде 


қосылып, атлант қанаттарын (ala atlantis) құрайды. Олардың алдыңғы


жағында атланттың жоғарғы бетінен қанаттың төменгі бетіндегі атлант 


шұнкырына (fossa atlantis) ашылатын қанат тесігі (foramen alare) болады.
Қанат тесігімен қатар, омыртқа тесігіне ашылатын омыртқааралық тесік 
(foramen intervertebrale) орналасады. Аталған екі тесік бір сайда жатады.
Атланттың алдыңғы бетінде шүйде сүйегі айдаршығымен буынды байланыс 
түзетін жұп краниальды буын шұнқыры (fossa articularis cranialis), ал
артқы жағында екінші білік омыртқамен байланысатын каудальды буын 


шұңқыры (fossa articularis caudalis) болады. Каудальды буын шұңқырының
ішкі бетінде білік омыртқаның тісше өсіндісіне арналған тіс ойысы (fovea 
dentis) бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет