168
бірімен шеміршек аралықтар арқылы байланысқан 5-6 жұп төссүйек
бөліктерінен (сегменттерінен) — sternebra — тұрады. Оның екі бүйірінде
қабырға шеміршектерімен байланысатын қабырғалар ойықтары (incisura
costalis) болады. Пішіні үшкірленіп келген төссүйектің
семсерше өсіндісі
(processus xiphoideus
)
семсерше шеміршекпен (cartilago xiphoidea)
аяқталады. Семсерше шеміршекті қазақ "сүріншек" деп атайды.
86 - сурет. Төс сүиек. А — сиыр; Б — шошқа; В — жəне Г —жылқы.
1 — қабырға шеміршегі, 2 — төс сүйек тұтқасы, 3 төс сүйек денссі, 4 - семсерше
өсінді жəне семсерше шеміршек, 5 — төс қыры, 6 — қабырға
ойықтары, 7 — төс сүйектің ішкі байламы, 8 — көкіректің көлденең бұлшық еті.
Ерекшеліктері: Жылқы төс сүйегінің екі бүйірі қысыңқы келіп, төс
қырының төменгі жағы шеміршектеніп кетеді.
Сиыр, қой, ешкі, шошқа
төссүйектерінің пішіні жалпақ болып келеді.
Ит төс сүйегінің тұтқасы мен
семсерше өсіндісі жалпақтау келіп, денесі төртқырлы болады.
Омыртқа бағаны жəне көкірек керегесі бойынша бақылау сұрақтары:
1. Омыртқа бағанының бөлімдері жəне олардағы жануарлардың түрлеріне
байланысты омыртқалардың саны.
2. Омыртқа қандай негізгі үш бөлімнен тұрады?
3. Омыртка денесінін тетіктерін атап, оларға сипаттама беріңіз.
4. Омыртка доғасының өсінділері қызметіне байланысты қанша топқа бөлінеді?
Олардың құрылысы.
5. Кокірек керегесі, оның қаңқасын қандай сүйектер құрайды?
6. Көкірек омыртқаларының құрылысы мен олардың жануарлар түрлеріне
байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
7. Қабырғалардың құрылысы жəне жануарлардын түрлеріне байланысты олардағы
ерекшеліктер.
8.Төссүйектің құрылысы жəне жануарлардын түрлеріне байланысты ерекшеліктері.
9. Омыртқа бағаны мен көкірек керегесі тақырыптары метіндерінде кездесетін
қазақшаа-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алый, оларды жаттаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: