К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Бел омыртқалары А — сиыр, Б — сиыр (алдыңғы жағы), В —



бет181/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

89 - сурет. Бел омыртқалары А — сиыр, Б — сиыр (алдыңғы жағы), В — 


шошқа, Г — жылқы 
1 — омыртқа денесі, 2 — омыртқа доғасы, 3 — көлденең-қабырға өсінділері, 
4 — каудальды буын өсіндісі, 5 — емізікше өсінді , 6 — жоталық өсінді, 7 —
омыртқааралық тесік, 8 — доғааралық кеңістік, 9 — краниальды буын өсіндісі, 10 — 
омыртқа тесігі, 11 — краниальды омыртқа ойығы, 12 — көлденең-қабырға өсінді тесігі
(шошқада), 13 — сүйекаралық кеңістік, 14 — буын беті 


90 - сурет. Құйымшақ сүйектері А — сиыр, Б — шошқа, В — жылқы 
1 — құйымшақ сүйегінің басы, 2 — кұйымшақ сүйегінің қанаты, 3 — құлақша буын 
беті, 4 — дорсальды құйымшақт есіктері, 5 — кұйымшақ сүйегінің бүйір бөлігі, 6 —
кұйымшақ сүйегінің денесі, 7 — краниальды буын өсіндісі, 8 — жоталық өсінді аралық 
саңылау, 9 — жоталық өсінділер, 10 — мүйіс, 11 — доғааралық саңылау, 12 —
краниальды буын беті 


Шошқа құйымшақ сүйегінің доғааралық кеңістіктері кеңдеу келеді,
жоталық өсінділері болмайды, құйымшақ қанаты каудовентральды бағытта 
иіліп тұрады.

Иттің құйымшақ сүйегінің жоталық өсінділері бір-бірінен алшақтау
орналасады. Краниальды буын өсінділерінің орнында буын ойыстары 
болады.
Құйрық омыртқалары (хвостовые позвонки) — vertebrae caudales s.
coccygeae — басқа омыртқаларға қарағанда құрылысы қарапайым. Омыртқа 
доғалары мен жоталық өсінділері тек алдыңғы 4-5 омыртқалыларда ғана
болады, ал қалған омыртқалардың тетіктері жетілмеген. Сондықтан, омыртқа 
тесіктерінің орындарында ашық өзектер болады. Күйіс қайтаратын
жануарлар мен итте алдыңғы 2-5 омыртқа денелерінің вентральды бетінде 
қан тамырлары мен жүйкелер өтетін гемальды доғалар өзегі болады. Соңғы
омыртқалар тек омыртқа денелерінен тұрады, басқа тетіктерден тек кішігірім 
төмпешіктер сақталады.
Мойын, бел, құйымшақ, құйрық омыртқалары бойынша бақылау сұрақтары: 

І.Мойын омыртқалары қандай омыртқалардан тұрады? 


2. Ауыз омыртқаның құрылысы жəне жануарлардың түрлеріне байланысты олардың
құрылысындағы ерекшеліктер. 
3. Білік омыртқаның құрылысы жəне жануарлардың турлеріне байланысты олардың
құрылысындағы ерекшеліктер. 
4. Ортаңғы мойын омыртқаларының құрылысы жəне жануарлардың түрлеріне
байланысты олардын құрылысындағы ерекшеліктер. 
5. Алтыншы жəне жетінші мойын омыртқалары құрылысындағы ерекшеліктер.
6. Бел омыртқаларының құрылысы жəне жануарлардың түрлеріне байланысты 
олардың құрылысындағы ерекшеліктер.
7. Құйымшақ сүйегінің құрылысы жəне жануарлардың түрлеріне байланысты оның 
құрылысындағы ерекшеліктер.
8. Құйрық омыртқаларының құрылысындағы ерекшеліктер. 
9. Берілген тақырыптар мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп
алыл, оларды жаттаңыздар. 

173



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет