К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Қойда сыртқы шүйде дөңесі жақсы жетілген. Тіласты жүйкесінің өзегі жеке тесіктен басталады.  Шошқада



бет184/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қойда сыртқы шүйде дөңесі жақсы жетілген. Тіласты жүйкесінің өзегі
жеке тесіктен басталады. 


Шошқада мойындырық өсіндісі өте ұзын жəне вентральды бағытта тік
орналасқан. Шүйде қабыршағының пішіні үшбұрышты, оның вентральды 
жиегі үлкен шүйде тесігін шектеуге қатысады. Сыртқы шүйде дөңесі
болмайды. Қартайған қабан мен мегежіннің шүйде қабыршағында қуысты 
қойнау пайда болады.

Итте мойындырық өсіндісі қысқа болады, Шүйде қабыршағы үлкен
шүйде тесігінің дорсальды жиегін жасауға қатысады. Шүйде қабыршағында 
жұп желке төмпешігі (tuberculum nuchale) орналасқан. Желке қыры айқын
білінеді. Шүйде қабыршағының төбе бөлігі арқылы сыртқы сагиттальды қыр 
өтеді.

Сынаша сүйек (клиновидная кость) — os sphenoidale — денеден, жұп
самай жəне жұп көздік қанаттар мен жұп қанатша өсіндіден құралған. 


Сынаша сүйек денесі (corpus sphenoidale) өз кезегінде бір-бірімен түтаса
байланысқан екі сүйектік бөліктен: артқы ~ негізгі сынаша (os 
basisphenoidale), алдыңғы — сынашаалды (osresphenoidale) бөліктерден
құралған. 


Негізгі сынаша сүйек шүйде сүйек денесімен шектесіп, ет төмпешігін
құрайды. Оның мимен жанасатын ішкі дорсальды бетінде түрік ершігі (sella 
turcica) атты құрылым орналасады. Түрік ершігінің орта тұсында гипофиз
шұңқыры (fossa hypophysis) болады. Ол алдыңғы жағынан ершік 
төмпешігімен (tuberculum selle), ал артқы жағынан ершік арқалығымен
(dorsum selle) шек-телген. Түрік ершігінің алдыңғы бетіндегі қиылыс сайы 
(sulcus chiasmatis) сынаша сүйек денесінің бүйіріндегі көру жүйкесі өзегімен
(canalis opticus) жалғасады. Сынаша сүйек денесі негізгі бөлігінің оң жəне сол 

175
бүйірлерінен, оң жəне сол самай сүйектерімен жалғасып жататын жұп самай 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет