Бассүйек (череп) — cranium — бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ
сүйектерден құралған қаңқаның ең күрделі бөлігі. Бассүйек жануарлар
организмі бас аумағында тіршілікке тым қажетгі ми, көру, есту, иіс жəне дəм
сезу мүшелері мен азық қорыту, тыныс алу жүйелерінің бас аумағыңдағы
мүшелерін сыртынан қаптап, қорғаныс қызметін атқаратын ми қорабы мен
ауыз жəне мұрын қуыстарының сүйектік негізін құрайды. Сонымен қатар,
бас пен мойын бірігіп, ауырлық орталықтарының дене бөліктеріне түсуін
өзгерте отырып, организмнің кеңістіктегі қозғалыс түрлеріне де əсер етеді.
Бассүйек екі бөлімнен: ми сауыты жəне бет бөлімінен тұрады.
БАССҮЙЕК МИ САУЫТЫ БӨЛІМІНІҢ
СҮЙЕКТЕРІ
Ми сауыты немесе ми қорабы (neurocranium, s. cranium cerebrale) бөлімі мидың сыртқы сүйектік қорабын жəне көру, есту-тепе-теңцік
мүшелерінің сүйектік негізін құрайды. Ми сауытын төрт тақ: шүйде,
төбеаралық, торлы, сынаша сүйектер жене төрт жұп: самай, мандай, төбе,
қанатша сүйектер құрайды.
Шүйде сүйек (затылочная кость) — os occipitale — ми сауытының
артқы жəне төменгі қабырғаларын жасауға қатысады. Шүйде сүйек өз
кезегінде үш бөліктен: шүйде сүйек денесінен немесе негізгі бөлік, жұп
бүйірлік бөліктен жəне шүйде қабыршағынан тұрады. Осы аталған үш бөлік
ми қорабы куысы (cavum cranii) мен омыртқа өзегін жалғастыратын үлкен
шүйде тесігін (foramen magnum) шектейді.
Шүйде сүйек денесі немесе негізгі бөлік (pars baallaris) ми сауытының
төменгі жағында орналасады. Оның алдыңғы жағы сынаша сүйек денесімен
жалғасады. Аталған екі сүйек денелерінің байланысқан шекарасында ет
төмпешігі (tuberculum musculare) шығып тұрады. Негізгі бөліктің екі бүйірі
жырымдалған тесіктің (foramen lacerum) медиальды жиегін түзеді.