қанаты (ala temporalis) шығады. Олар ортаңғы бассүйек шүңқырын (fossa
cranii medialis) жасауға қатысады. Сынаша сүйек денесі негізгі бөлігінің оң
жəне сол самай қанаттарының каудальды жиектері жырымдалған тесіктерді
шектеуге қатысады. Самай қанаттарының ішкі беттерінде мидың аттас
бөліктерімен жанасатын алмұртша шұңқырлар (fossa piriformis) болады.
Сынаша сүйек денесі негізгі бөлігінің екі бүйір бетінен вентральды бағытта
оң жəне сол қанатша өсінділер (processus pterygoideus) шығады. Олар
латеральды бағытта тандай, медиальды бағытта қанатша сүйектермен
жалғасып жатады. Қанатша өсінділердің алдыңғы жиектеріне жақын жатқан
қанатша қыр (crista pterygoidea) болады. Аталған қырдың алдыңғы бетінде
үш тесік көрінеді. Олар: көру өзегі (canalis opticus), көздік саңылау (fissura
orbitalis) жəне деңгелек тесік (foramen rotundum). Қанатша қыр сынаша
сүйектің көздік қанатындағы көздік қырмен жалғасып, көздік-қанатша
қырды (crista orbitosphenoidalis) түзеді.
92 - сурет. Сиырдың бассүйей (вентральды жағынан) А - шүйде сүйек, Б - самай
сүйек, В – сынаша сүйек, Г – таңда сүйек, Д - жоғарғы жақ сүйек, Е – тұмсық сүйек,
Ж — маңдай сүйек, З - қанатша сүйек, И - бет сүнек, К — соқаша сүйек.
1 - тіласты жүйке өзегі, 2 - сопақ тесік, 3 - жырымдалған тесік, 4 – үлкен шүйде
тесігі, 5 - шүйде сүйек айдаршығы, 6 – мойындырық өсіндісі, 7 - ет төмпешігі, 8 -
дабылдық сүйек, 9 - бет өзегінің тесігі, 10 - тіласты өсіндісі, 11 — дөңгелек-көздік тесік,
12 - көру тесігі, 13 - торлы тесік, 14 - хоана тесігі, 15 - буын төмпегі, 16 — жақ шұңкыры,
17 — самай сүйектің шықшыт өсіндісі, 18 - сынаша сүйектің қанатша өсіндісі, 19 —
көзжасы қапшығы, 20 — сына-тандай тесігі, 21 — жоғаргы жақтесігі, 22 — тандай
сүйектің горизонтальды тақташасы, 23 — тандай тесігі, 24 — жоғарғы жақ сүйектің
таңдай өсіндісі., 25 — тұмсық сүйектің таңдай өсіндісі, 26 — таңдай саңылауы, 27 —
тұмсық сүйек денесі, 28 — тұмсық саңылауы.
Сынаша
сүйек
денесі
сынашаалды
бөлігінің
екі
бүйірінен
краниодорсальды бағытта жұп: оң жəне сол көздік қанат (аіа orbitalis)
шығады. Көздік қанат көздіктің (көз шарасының) медиальды қабырғасын
құрайды. Көздік қанат пен мандай сүйектің көздік бөлігі аралығында, көру
өзегінен жоғарырақ орналасқан торлы тесік (foramen ethmoidale) көрінеді.
Сынашаалды сүйек денесінің алдыңғы бөлігінде сынаша қойнауы (sinus
sphenoidalis) болады. Бұл қойнаудың куысы орталық перделікпен екіге
бөлініп, көршілес жатқан сүйектердің қуыстарымен жалғасады.
Сынашаалды сүйек денесінің мимен жанасатын ішкі бетшің алдыңғы
жағында, əтеш айдарының (crista galli) непзін түзетін сынаша тұмсық
(rostrum sphenoidale) көрінеді. Ал сынаша сүйек денесінің каудальды
жағымен қиылыс сайы өтеді.
Сынашаалды сүйек денесі екі бүйірінің оң жəне сол жағында
краниодорсальды бағытта жатқан көздік қанат - көздіктің медиальды
қабырғасы мен ми сауыты ішкі бетшің алдыңғы бассүиек шұңкырын (fossa
cranii rostralis) құрауға қатысады.
176
Достарыңызбен бөлісу: |