К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет197/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері: Жылқыда соқаша сүйек таңдай сүйекке жалғасады,

сиырда, ұсақ малдарда жəне итте ол таңдай сүйекке жетпейді, ал шошқада
соқаша сүйек ұзын болып келеді де, тұмсық сүйекке дейін жетеді. 


Тұмсық сүйек немесе кескіш сүйек (резцовая кость) — os incisivum —
жоғарғы жақ сүйектің алдында орналасқан жұп сүйек. Ол сүйек денесінен, 
мұрын жəне таңдай өсінділерінен тұрады. Кескіш сүйек денесінде күрек
тістер орналасатын тісті жиек болады. Оның тіс ұялары жоқ жерін тіссіз 
жиектер — деп атайды. Тұмсык сүйектің мұрын өсіндісі (processus nasalis)
мұрын сүйекке қарай бағытталып, мұрын қуысының басталар бүйір 
қабырғасын құрайды. Ал тандай өсіндісі (processus palatinus) сүйек таңдайды
құрауға қатысады. Мұрын өсіндісінің негізі мен тандай өсіндісі аралығында 


таңдай саңылауы (fissura palatina) болады. Ол арқылы мұрын жəне ауыз
қуыстарын байланыстырып тұратын мұрын-таңдай өзегі өтеді. 


Ерекшеліктері: Жылқының тұмсық сүйегінде ірі күрек тістер болады.
Сондықтан, ол көлемді келеді. Күйіс қайтаратын жануарларда күрек тістер 
болмайды. Бұл жануарлардың тұмсық сүйектері жалпақ пішінді сүйек
тақташаға ұқсайды. Шошқада тұмсық сүйектің екі бүйірі қысыңқы келіп, 
күрек тістері сирек орналасады. Итте ол сүйір пішінді болып келеді.

Бет сүйек (скуловая кость)— os zygomaticum — бет бөлімнің бүйір
қабырғасын құрауға қатысады. Бет сүйектің латеральды беті (facies lateralis) 
жəне көздік беті (facies orbitalis) болады. Сүйектің латеральды бетінде үлкен
шайнау бұлшық еті бекитін бет қыры (crista zygomatica) көрінеді. Көздік бет 
көз шарасының вентральды жиегін құрайды. Бет сүйектің самай өсіндісі
(processus temporalis) самай сүйектің бет өсіндісімен (processus zygomaticus) 
жалғасып, бет доғасын (arcus facialis) түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет