К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет207/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

өсінділермен (processus styloideus lateralis et medialis) шектелген.

Шынтақ сүйек (локтевая кость) — ulna — жануарлардың тіршілік
жағдайына бейімделу дəрежесіне сəйкес əр түрлі деңгейде жетілген. Оның 
проксимальды эпифизінде шынтақ сүйек өсіндісі (olecranon) болады. Ол
көрі жілік проксимальды басының артқы жағында, жоғарырақ орналасады. 

191
Бұл осіндінің жоғарғы ұшын шынтақ сүйек төмпегі (tuber olecrani) — деп 


атайды. Шынтақ сүйек өсіндісінің алдыңғы бетінде тоқпан жілік шығырымен


байланысып, иық буынын түзуге қатысатын, шеміршекпен қапталған шығыр 


ойығы (incisura trochlearis) болады. Оның жоғарғы алдыңғы ұшында

ілмекше өсінді (processus anconaeus) шығып тұрады. Шынтақ сүйектің денесі
мен дистальды эпифизі кəрі жілік диафизімен тұтаса байланысып кеткен. 
Олардың аралығында тамырлар мен жүйкелер өтетін сүйекаралық
проксимальды жəне дистальды кеңістіктер (spatium interosseum proximale
et distale) қалады. 


Ерекшеліктері: Жылқыда шынтақ сүйек денесінің дистальды бөлігі
мен дистальды эпифизі жетілмеген. Оның проксимальды эпифизі мен денесі 
кəрі жілікпен тұтаса байланысып кеткен.

Күйісті жануарлар мен шошқада шынтақ сүйек толық жетілген. Кəрі
жілік пен шынтақ сүйек тұтаса байланысып, олардың аралығында 
сүйекаралық кеңістіктер қалады. Дистальды эпифиздің төменгі жағында тізе
сүйектермен байланысуға арналған буын беттері болады. 


99 - сурет. Білек сүиектері А — ит, Б — шошқа, В — сиыр, Г жəне Д — жылқы 

(А, Б, В, Г — латеральды беттері, Д — артқы беті) 
1 — кəрі жілік, 2 — кəрі жілік басы мен оның шұңқыры, 3 — шығыр ойығы, 4 — 
тұмсықша өсінді, 5 — шынтақ төмпегі, 6 — сүйекаралық кеңістік, 7 — шынтақ сүйек, 8 —
кəрі жіліктің медиальды бізше өсіңдісі, 9 — кəрі жіліктің латеральды бізше өсіндісі, 10 — 
сүйекаралық жиек, а — кəрі жілік бұдыры, в — бақайдың беткей бүккіш бұлшық етінің
сіңірі бекитін төмпешік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет