К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет235/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   607
Бұлшық еттер даму тегіне қарай: сомалық (денелік) жəне,
висцеральдық (іштік) болып екі топқа бөлінеді. Сомалық бұлшық еттер 
мезодерманың миотомынан, ал висцеральдық бұлшық еттер ұрықтың
желбезек аппаратынан дамып жетіледі. 


Дене (сомалық) бұлшық еттерінің болінуі 

Жануарлар денесіндегі бұлшық еттер қаңқадағы орналасу орындарына 


сəйкес: біліктік қаңқаның жəне аяқтардың бұлшық еттері болып үлкен екі
топқа бөлінеді. 


Біліктік қаңқаның бұлшық еттері өз кезегінде: бастың, тұлғаның жəне
құйрықтың бұлшық еттер топтарына болінеді. Тұлғаның бұлшық еттері төрт 
бұлшық еттер топтарына бөлінеді. Олар: І.Иық белдеуінің бұлшық еттері
немесе алдыңғы аяқты тұлға мен бас аумақтарына бекітетін бұлшық еттер; 2. 
Омыртқа бағанының бұлшық еттері; 3. Көкірек керегесінің бұлшық еттері; 4.
Құрсақ қабырғасының бұлшық еттері. 


Аяқтардың бұлшық еттерін алдыңғы аяқтың жəне артқы аяқтың
бұлшық еттеріне бөледі. Алдыңғы аяқтың бұлшық еттері өз кезегінде: 1. Иық 
буыньшың, 2. Шынтақ буынының, 3. Тізе буынының жəне 4. Бақай
буындарының бұлшық еттеріне бөлінеді. Артқы аяқтың бұлшық еттерін: 1. 
Жамбас-ортан жілік буынының, 2.Тобық буынының, 3. Тілерсек буынының
жəне 4. Бақай буындарының бұлшық еттеріне бөледі. 


116 - сурет. Жылқының беткей бұлшық еттері
1 — трапеция тəрізді бұлшық ет, 3 — арқаның тым жалпақ бұлшық еті, 4 — санның 
жалпақ шандырын кергіш бұлшық ет, 5 — ортаңғы бөксе бұлшық еті, 6 — санның екі
басты бұлшық еті, 8 — иық-бас бұлшық еті, 9 — төс-бас бұлшық еті, 10 - делта тəрізді 

213
бұлшық ет, 11 - иыктың үш басты бұлшық еті, 12 — тоқпан жілік бұлшық еті, 14 — тізені 


жазғыш кəрі жілік бұлшық еті, 15 — бақайдың жалпы жазғаш бұлшық еті, 17 - бақайдың


бүйірлік жазғыш бұлшық еті, 18 - тізені жазғыш шынтақ бұлшық еті, 19 — үлкен саусақты 
алыстатқыш бұлшық ет, 20 - вентральды тісше бұлшық ет, 21 - терең кеуде бұлшық еті, 22
— тізені бүккіш шынтақ бұлшық еті, 23 - бақайдың беткей бүккіш бұлшық еті, 24 — тізені 
бүккіш кəрі жілік бұлшық еті, 25 — бақайдың терең бүккіш бұлшық еті, 26 — сүйек
аралық бұлшық ет, 27 — құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті, 28 - асықты жіліктің 
алдыңғы бұлшық еті, 29 — үшінші шыбық бұлшық еті, 30 — бақайдың ұзын жазғыш
бұлшық еті, 32 - жартылай сіңірлі бұлшықет, 33 — бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшық еті, 
34 — балтыр бұлшық етінің тірсек сіңірі, 35 — бастың тым ұзын бұлшық еті, 36 — бел-
қабырға бұлшық еті, 37 — беткей бөксе бұлшық еті, а — мойындырық сайы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет