К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет234/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   607
қабырғааралық т. б; сыртқы пішініне байланысты: үшбұрышты, ромб
жəне трапеция тəрізді бұлшық еттер — деп аталынады. 


Атқаратын қызмеперіне қарай бұлшық еттер: динамикалық жəне
статикалық бұлшық еттер болып екі топқа бөлінеді. Динамикалық бұлшық 


еттер тобы жануарлардың кеңістіктегі қозғалысын қамтамасыз етеді.
Динамикалық бұлшық еттер күшті жиырылып, үлкен көлемде жұмыс 
атқарады, бірақ тез шаршайды. Бұлар кұрылысы жағынан қарапайым бұлшық
еттерге жатады. Статикалық бұлшық еттер негізінен дененің кеңістіктегі 
тепе-теңдігін сақтап, оны белгілі жағдайда тұрақты бекітіп ұстап тұрады.
Статикалық бұлшық еттер жай жəне ұзақ уақыт жиырылып, көп уақытқа 
дейін шаршамайды. Бұлар құрылысы жағынан қауырсынды бұлшық еттерге
жатады. Жануарлар организмдерінде динамикалық жəне статикалық бұлшық 
еттер таза күйінде сирек кездеседі. Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі
аралық сипатта болады. Демек, құрылысы жағынан олар қарапайым 
қауырсынды болып келеді.
Бұлшық еттер организмдегі атқаратын қызметіне байланысты: жазғыш 
(экстензор), бүккіш (флексор), жақындатқыш (аддуктор), алыстатқыш
(абдуктор), көтергіш (леватор), түсіргіш (депрессор), кергіш (тензор), 


тарылтқыш (констриктор), кеңейткіш (дилятатор), қысқыш (сфинктер),
кері тартқыш (ретрактор), айналдырғыш (ротатор) болып бөлінеді. 
Айналдырғыш бұлшық еттер өз кезегінде: сыртқа айналдырғыш
(супинатор) жəне ішке айнаддырғыш (пронатор) бұлшық еттерге бөлінеді. 



212



Бұлшық еттердің көмекші мүшелері 

Бұлшық еттердің жиырылып, жұмыс атқаруына жануарлар организмінде 


көптеген мүшелер көмектеседі. Оларды бұлшық еттердің "көмекші
мүшелері" — деп атайды. Бұларға қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекше 
сүйектер мен сүйек шығырлары, беткей жəне терең шандырлар, синовиялы
жəне кілегейлі қапшықтар мен бұлшық ет сіңірлерінің қьшаптары жатады, 
Жануарлар тері жабынының астында, тығыз орналасқан коллаген
талшықтарынан құралған дəнекер ұлпалық қабықша денені сыртынан қаптап 
жатады. Бұл тығыз дəнекер ұлпалық қабықшаны беткей шандыр (fascia
superficialis) — деп атайды. Беткей шандыр қаңқа сүйектерімен 
байланыспайды. Ол өз кезегінде екі: сыртқы жəне ішкі қабаттардан тұрады.
Бұлардың арасында қаңқа сүйектеріне байланыспаған, теріні қозғап 
сілкіндіретін теріасты бұлшық еттері (musculus cutaneus) орналасады.
Терең шандырлар (fascia profunda) жеке бұлшық еттерді немесе бұлшық 
еттер топтарын сыртынан қаптап, бұлшық еттермен бірге қаңқа сүйектеріне
бекиді. Шандырлар бұлшық еттердің бір-біріне жабыспауын қамтамасыз 
етіп, тіректік қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет