К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Бұлшық еттің анатомиялық бөліктері



бет232/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   607
Бұлшық еттің анатомиялық бөліктері. Бұлшық ет (musculus) мүше
ретінде үш бөліктен тұрады. Олар: бұлшық еттің басы (caput musculi),

бұлшық еттің құрсағы (venter musculi) жəне бұлшық еттің құйрығы
(cauda musculi). Бұлшық еттің басы — қозғалмайтын сүйектен басталатын 
сіңір бөлігі. Ал оның құрсағы ет талшықтарынан тұратын бұлшық еттің
ортаңғы бөлігі. Ол негізінен жиырылу қызметін атқарады. Бұлшық еттің 
құйрығы деп, екінші қозғалатын сүйекте аяқталатын оның сіңір бөлігін
айтады. Бұлшық ет сіңірлерінің (tendo musculi) құрылысы да, бұлшық етке 
ұқсас, яғни паренхима мен стромадан құралған. Бұлшық ет сіңірі
паренхимасын коллаген талшықтарының шоғырлы будалары құрайды. 
Бұлшық еттер дененің кеңістіктегі қозғалысын жəне тепетеңдігін
сақтаумен қатар, организмдегі тыныс алу, құрсақты қатайту, шайнау, несеп 
шығару жəне тағы басқа қызметтерді іс жүзіне асырады. Сондай-ақ, олар
қанмен келген органикалық қосылыстар (көмірсулар, майлар, белоктар) 
құрамындағы химиялық куаттың (энергияның) 70,0% -ын жылу энергиясына,
тек 30,0%-ын ғана механикалық жұмысқа айналдырып, дене қызуын реттеуге 
қатысады. Бұлшық еттер жануарлар дене массасынын жылқыда - 47,4%-ьш,
сиырда - 42,0% -ын, - 47,0%-ын, ұсақ малдарда - 34,0%, шошқада - 31,0% -
ын құрайды. Бұлшық ет құрамының 75,0% -ы су, 1,0% -ы минералдық тұздар 
жəне 24,0%-ы органикалық қосылыстар. Органикалық қосылыстар ішінде:
бнлоқтар - 20,2%, майлар - 2,0%, көмірсулар - 0,6%, май тəрізді белок заттар 
– 0,8%,
азотты экстрактавті заттар — 0,4%. Бұлшық ет түсінің əр түрлі 

болуы, оның ет талшықтары саркоплазмасындағы темір молекуласымен


байланысқан миоглобин белокты пигментінің мөлшеріне байланысты.


Бұлшық еттердің түрлері 

Ішкі құрылымына, пішініне, орналасу орнына, басталатын аяқталатын 


орындарына, атқаратын қызметіне байланысты бұлшық еттер алуан түрге
бөлінеді. Ішкі құрылысына байланысты бұлшық еттер: қарапайым жəне 
қауырсынды болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым бұлшық еттердің ет
талшықтары бұлшық еттің ұзын білігіне параллельді орналасады. Бұлар тым 
күшті жиырлып көп жұмыс атқарады. Бірақ тез шаршап қалады. Бұл топқа
негізіне аяқтардын бұлшық еттері жатады. Қауырсынды бұлшық еттердің 
ет талшықтары бұлшық ет ұзындығына қиғаш орналасады. Ішкі құрылысы
жағынын олар: бір, қос жəне көп қауырысынды бұлшық еттер болып 
бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет