К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Экстензорлар. І.Бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті



бет260/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Экстензорлар. І.Бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті (m. extensor
digitorum communis) тоқпан жіліктің жазғыш (латеральды) айдаршықүстінен 
басталады. Бұлшық еттің құрсағы білек сүйектерінің дорсо-латеральды
бетінде орналасады. Білек сүйектерінің дистальды бөлігінде ет құрсағы бір 
немесе бірнеше сіңірлерге айналып, кəрі жілік сайы арқылы тізе мен бақай
сүйектері аумақтарына бағытталады да, тұяқ (итте тырнақ) сүйектің жазғыш 
өсіндісіне барып аяқталады. Бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті жануарлар
бақайларының санына байланысты бірнеше жекеленген сіңірлерге болініп 
барып, тұяқ (тырнақ) сүйектерде аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда аталмыш бұлшық еттің тек бір ғана тоқпан
жіліктік басы болады. Сиыр мен ұсақ малдарда бақайдың жалпы жазғыш 
бұлшық етінің медиальды жəне латеральды бастары болады. Онын
медиальды басы II жəне III бақайдың арнайы жазғыш бұлшық еті деп 
аталынып, III бақайдың тұяқ сүйегі өсіндісінде аяқталады. Латеральды
басының сіңірлі құйрығы тұсамыс сүйегіне жетпей екі тармаққа бөлініп, III 
жəне IV бақай сүйектерінде аяқталады. Шошқада бұлшық еттің құрсағы
төрт сіңірге бөлініп, II, III, IV жəне V бақай сүйектерінде аяқталады. Итте 
бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті біріккен төрт құрсақтан тұрады.
Олардың сіңірлері бұлшық ет құрсақтарына сəйкес II - V тырнақ 
сүйектерінде аяқталады.

Қызметі. Бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті бірнеше буындарға əсер
етеді. Атап айтқанда, ол бақай буындары мен тізе буындарын жазады жəне 
шынтақ буынын бүгетін бұлшық еттерге көмектеседі.
2. Бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшық еті (m. extensor digitorum
lateralis) бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті мен тізені жазғыш шынтақ 
бұлшық етінің арасында орналасады. Ол шынтақ буыңының бүйірлік
байламынан, көрі жіліктің байлам төмпегінен жəне шынтақ сүйектің 
латеральды бетінен басталып, тұсамыс жəне топай сүйектердің латеральды
беттерінде аяқталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет