К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Экстензор: 1. Сирақтың үшбасты бұлшық еті



бет272/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Экстензор: 1. Сирақтың үшбасты бұлшық еті (m. triceps surae) балтыр
бұлшық етінің латеральды жəне медиальды бастары мен өкше бұлшық етінен 
құралған, сирақ аумағының артқы плантарлы жағында орналасқан қомақты
ет.

Балтыр бұлшық етінің (m. gastrocnemius) латеральды жəне медиальды
екі басы болады. Олар ортан жіліктің айдаршықүсті шұңқырының 
латеральды жəне медиальды жиектерінен басталып, өкше бұлшық етімен
бірігеді де, сирақтың үшбасты бұлшық еті - деп аталады. Бұлшық еттің сіңірі 
тірсек сіңірінің құрамында өкше төмпегіңце аяқталады.

Өкше бұлшық еті (m. soleus) таспа тəріздес қысқа ет. Ол шыбық сүйек
басынан басталып, балтыр бұлшық етімен бірігіп кетеді. 


Ерекшеліктері. Итте өкше бұлшық еті болмайды. Шошқада өкше
бұлшық еті жақсы жетілген. Ол тобық сүйегінің латеральды байламы мен 
асықты жіліктің латеральды айдаршығынан басталады.

Қызметі. Сирақтың үшбасты бұлшық еті тілерсек буынын жазады жəне
тобық буынын бүгуге қатысады. 


Флексорлар. І.Асықты жіліктің алдыңғы бұлшық еті (m. tibialis
cranialis) асықты жіліктің алдыңғы бетінде орналасады. Ол асықта жіліктің 
проксимальды басынан басталып, тілерсек жəне артқы жіліншік сүйектердің
проксимальды бастарында аякталады. 


Ерекшеліктері. Барлық тұяқты жануарларда асықты жіліктің
алдыңғы бұлшық еті асықты жілікке жабысып, сирақ аумағаның алдыңғы 

239
жағындағы басқа бұлшық еттердің астында, тереңде орналасады. Сондықтан, 


оның пішіні жалпақ болып келеді. Ал итге бұл бұлшық ет беткей орналасады.



Жылқыда бұлшық еттің сіңірлі құйрығы үшінші шыбық бұлшық етінің
медиальды жəне ортаңғы аяқшаларының арасымен өтіп, екіге ажырайды. Ет 
сіңірінің латеральды бөлігі III артқы жіліншік басына, медиальды бөлігі I мен
II тілерсек жəне II артқы жіліншік сүйектерінде аяқталады. Күйіс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет