К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Қызметі. Қосарлы бұлшық еттер жапқыш бұлшық еттермен бірге  супинатор қызметін атқарады. Тобық буыны



бет270/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қызметі. Қосарлы бұлшық еттер жапқыш бұлшық еттермен бірге 
супинатор қызметін атқарады.

Тобық буыны (articulatio genus) құрылысы күрделі жəне бір білікгі
буын. Тобық буынының бұлшық еттері артқы аяқтың сан аумағында жатып, 
төменде орналасқан тобық буынына əсер етеді. Тобық буынын тобық сүйек,
орган жіліктің дистальды жəне асықты жілік пен шыбық сүйектің 
проксимальды бастары, олардың аралықтарындағы латеральды жəне
медиальды шеміршек тегіршектер кұрайды. Буын бір білікті болғандықтан, 
тобық буынында бір-біріне қарама-қарсы жұмыс атқаратын жазғыш жəне
бүккіш бұлшық еттер топтары болады. 


Экстензор: 1. Санның төртбасты бұлшық еті (m. quadriceps femoris)
ортан жіліктің алдыңғы жағында орналасқан қомақты тым қалың ет. Бұлшық 
еттің торт басы болады. Олар: тік, латеральды, медиальды жəне аралық
бастар.

Тік басы немесе санның тік бұлшық еті (m. rectus femoris) бұлшық
еттің латеральды жəне медиальды бастарының аралығында жатқан ең 
қомақты бұлшық ет. Ол ұршық шұңқырының жоғарғы жағындағы мықын
сүйек төмпегінен немесе шұңқырынан басталады. Еттің дистальды бөлігі 
санның төртбасты бұлшық етінің басқа бастарымен бірігіп кетеді.
Латеральды басы немесе қалың латералды бұлшық ет (m. vastus
lateralis) ортан жіліктің проксимальды бөлігінің латеральды бетінен 
басталып, еттің дистальды құйрығы бұлшық еттің тік басымен қосылып
кетеді.

Медиальды басы немесе қалың медиальды бұлшық ет (m. vastus
medialis) ортан жіліктің медиальды бетінен басталып, бұлшық еттің аралық 
басына қосылады.

Аралық басы немесе қалың ішкі бұлшық ет (m. vastus intermedius)
ортан жіліктің дорсальды бетінен басталып, бұлшық еттің латеральды немесе 
медиальды басымен бірігіп кетеді.
Санның төртбасты бұлшық еті бастарының барлығы бірігеді де, тобыққа 
барып бекіп, одан əрі тобық байламдары арқылы асықты жілікте аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет