Аяқтың мүйіз тұяғы тұяқ көбесінің, тұяқ жұлығының, тұяқ
қабырғасының, тұяқ ұлтанының жəне тұяқтың артқы жағындағы тұяқ
майтабанының эпидермистерінен бөлінген мүйізді қабаттардан құралған.
Мүйіз (cornu) мүйізді ірі қара жəне ұсақ малдардың мүйіздері
бассүйектің мандай сүйек мүйіз өсіндісін қаптап жатқан тері эпидермисінен
дамып жетіледі. Мүйіздің терісі екі қабаттан: эпидермистен жəне дермадан
тұрады. Шел қабаты болмайды. Tepi дермасы маңдай сүйектің мүйіз өсіндісі
сүйек қабымен бірігіп кеткен. Мүйіздің өсуінде жылдық сақиналарды
байкдуға болады.
128 - сурет. А — мүйіз тұяқ, Б — мүйіз тұяқ алынып тасталғаннан кейінгі тері
тұяқтың дерма қабаты
1 — мүйізді көбе, 2 — мүйізді жұлық жəне
жарты сақинаша (тəжді) сай, 3 — ақ жапыракша мүйіз, 4 — тұяқ мүйіздің түтікше
мүйізі, 5 —- мүйізді қабырғаның иілген бөлігі, 6 — мүйіз ұлтан, 7 — қабырға қыры, 8 —
аяқтың түкті терісі, 9 — тұяқ көбесінің дермасы, 10 — тұяқ жұлығының дермасы (жарты
сақинаша тері буылтығын түзеді), 11- тұяк, қабырғасының жапыракша дермасы, 12 —
мүйіз тұяқтың орны.
129 - сурет. Сиыр мүйізі
1 — тері эпидермисінің мүйізді бөлігі, 2 — мандай сүиектің мүйіз өсіндісі,
3 — мүйіз қойнауы, 4 — сүйекқап.
Tepi жабыны бойынша бақылау сұрақтары:
1. Терінің қабаттарын атап, олардың құрылысы мен маңызын еске түсіріңіз.
2. Түксіз жəне түкті тері эпидермисі құрылысындағы ерекшеліктер.
3. Тері түктері, олардың бөліктері, түрлері жəне құрылысы.
4. Май бездерінің құрылысы жəне маңызы.
5. Тер безінің құрылысы жəне маңызы.
6. Сүт безінің құрылысы жəне маңызы. Жануарлардың түрлеріне байланысты
желіннің түрлері.
7. Майтабанның құрылысы, организм үшін маңызы.
8. Тұяқтың бөліктері, олардың құрылысы. Мүйіздің кұрылысы.
9. Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,
оларды жаттаңыз.
256
Достарыңызбен бөлісу: |