К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Сиыр желінінің құрылысы. А - желін кесідісінің жалпы нобайы, Б



бет289/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

125 - сурет. Сиыр желінінің құрылысы. А - желін кесідісінің жалпы нобайы, Б 

— сүт көпіршігі (альвеоласы), В — ірі шығару өзегі 


1 — тері, 2 — беткей шандыр, 3 — терең шандыр, 4 — көтергіш байлам, 5 — строма, 
6 — сүт бөлетін соңғы бөлім (альвеола), 7 — сүт түтікшесі, 8 — сүт өзегі, 9 — паренхима,
10 — сүт цистернасы, 11 — емшек өзегі мен емшек үрпі, 12 — емшектің ет қабығы, 13 — 
емшектін кысқыш еті, 14 — ірі шығару өзектердің бірыңғай салалы ет ұлпасы қабаты, 15
— миоэпителиоциттер, 16 —- жүйкелер, 16а — жүйке ұштары, 17 — артерия жəне оның 
тармақтары, 18 — желін венасы, 18а — емшектің веналық торабы, 19 — сүт тамшылары
толық құрамымен, 20 — альвеоланы сыртынан қоршаған миоэпителиоциттер, 21 — ірі 
шығару өзегінің эпителий қабаты.


Майтабан (torus pulvinus) тұяқтың артқы жағында орналаскан тығыз, 
серпімді тері туындысы. Ол тері сияқты үш қабаттан: эпидермистен
(epidermis toruli), дермадан (corium toruli) жəне шел қабатынан (subcutaneum 
pulvinar) тұрады.

254
126 - сурет. Сүт альвеоласының (көпіршігінің) құрылысы 


1 - сүт альвеоласы, 2 – сүт түтікшесі, 3 – сүт өзекшесі, 4 – апокринді секреция
(бөліну), 5 - миоэпителиоциттер, 6 - жүйке талшығы, 
7 – кан капилляры, 8 – лактоцит.


Теріден айырмашылығы: 1) эпидермистен қалың мүйіз қабат түзіліп, 
майтабанды сыртынан қаптайды; 2) шел қабатының борпылдақ дəнекер
ұлпасында май ұлпасы көп мөлшерде жиналып, борпылдақ дəнекер ұлпасы 
талшықтарымен бірге қосылып, былқылдақ та серпімді майтабан жастығын
құрайды. Жылқыда теріасты жастығында майтабан шеміршектері (cartilago 
pulvini) болады. Олар тұсамыс, топай жəне тиекше сүйектермен байламдар
арқылы берік байланысқан. Шеміршектер майтабан жастығын екі бүйірінен 
қоршап, екеуі біртұтас кереметтей серпімділік (амортизация) мүшесі
қызметін атқарады; 3) майтабан сезімтал жүйке ұштарына бай болғандықтан, 
ол аяқтың сезім мүшесінің қызметін атқарады.
Орналасу орындарына байланысты алдыңғы аяқта тізе майтабаны 
(torus carpalis), алдынғы жіліншік майтабаны (torus metacarpeus) жəне тұяқ
майтабаны (torus digitalis), артқы аяқта тілерсек майтабаны (torus tarseus), 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет