К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет314/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда тіласты сүйелшелер жақсы жетілген. Күйіс 

қайтаратын жануарлардың тіласты қатпарлары бүртікшелі, тіласты
сүйелшелері ірі де тығыз болып келеді. Шошқада тіласты сүйелшелері 
болмайды, бірақолардың орнындағы без өзектерінің тесіктері жақсы көрінеді.

Итте аталған сүйелшелер майда болып келеді.

Тіл (язык) — linqua, s. glossa — қимылы жақсы жетілген бұлшық етті
мүше. Ол бұлшық еттердің көмегімен тіласты жəне төменгі жақ сүйектермен 
байланысқан. Барлык жануарларда тіл ауыздағы азықты араластырып,


274
шайнау мен жүту процестерін іс жүзіне асырумен қатар, азықтың татымын 


анықтайды. Тіл тіл түбірінен (radix linguae), тіл денесінен (corpus linguae),


тіл үшынан (apex linguae), тіл арқасы (dorsum linguae) мен екі бүйір 

бетінен (facies lateralis) тұрады. Оның негізін ұзынынан, көлденеңінен жəне
тігінен өтетін бұлшық ет талшықтарының шоғырлары құрайды. Тіл 
сыртынан ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Тілдің бетінде екі
түрлі: механикалық жəне татым емізікшелері болады. Механикалық 


емізікшелерге: жіпше емізікшелер (papillae filiformes) жəне конусша 

емізікшелер (papillae сопісае), ал татым емізікшелерге: саңырауқұлақша 

емізікшелер (papillae ftingiformes), қорғанша емізікшелер (papillae vallatae)
жəне

жапырақша емізікшелер (papillae foliatae) жатады. Татым
емізікшелерде азықтың дəмін аныктайтын татым баданалары орналасады. 
Тілдің қатысуымен жануарлар организмінде дəм сезімі, сипап сезу
сезімі, су мен азықты қабылдау қызметтері атқарылады. Итте тіл дене 
қызуын реттеуге де қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет