К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет323/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   607
ЖҰТҚЫНШАҚ 

Жұтқыншақ (глотка) — pharynx — ауыз қуысын өңешпен, мұрын
куысын көмекеймен жалғастыратын, азық қорыту жəне тыныс алу 
жұйелеріне ортақ, пішіні түтікше келген етті-жарғақты мүше. Жұтқыншақ
басқа мүшелермен жеті тесік арқылы қатысады. Олардың үшеуі кіреберіс 
тесіктер: жұтқыншаққа ауыз қуысынан есін (бір тесік), мұрын куысынан екі
хоана тесіктері ашылады. Ал олардың төртеуі шығаберіс тесіктер: 
жұтқыншақтан оң жəне сол есту түтіктеріне шылатын екі тесік жəне өңеш
пен көмекейге ашылатын тағы екі жұтқыншақ жəне көмей тесіктері. 
Жұтқыншақ құрылысы жағынан түтікше мүше. Оның қабырғасы үш:
ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жəне сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады. 
Жұтқыншақтың ішкі кілегейлі қабығының бетінде ауа жүретін тыныс алу 
жолы жəне жұтылатын азық жүретін азық жолы айқасып жатады.
Жұтқыншақ кілегейлі қабығының тыныс алу жолын аңқа (nasopharynx) — 
деп атайды. Оны тыныс алу жолдарына тəн кілегейлі қабық астарлайды, яғни
ол бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ал 
жұтқыншақтың азық жүретін жолының кілегейлі қабығын ауыз қуысына тəн
кілегейлі қабық астарлайды, яғни ол көпқабатты жалпақ эпителиймен 
астарланған. Ауыз қуысында өңделген азық жұтылған кезде, жұмсақтаңдай


281
азықтың қысымымен жоғары көтеріліп, хоана тесіктерін жабады. Ал тіл 


түбірінің қысымымен көмекей бөбешігі көмекей тесігін жауып, ауа жүретін


жол жабылады да, азық өңеш тесігі арқылы жұтқыншақ қабырғасындағы етті 
қабықтың көмегімен өңешке итеріліп, азық жұтылады. Жұтылғаннан соң, тіл
түбірі алға кетін, өңеш артқа қарай жылжып, жұмсақ тандай төмен түседі де, 
бөбешік алға қарай көтеріліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады.
Жұтылу процесін іс жүзіне асыратын жұтқыншақтың ортаңғы етті 
қабығы үш жұп: алдыңғы, ортаңғы жəне артқы тарылтқыш жəне бір жұп
кеңейткіш бұлшық еттерден құралған. 
Жұтқыншақтың бұлшық еттері негізінен көлденең жолақты ет
ұлпасынан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет