К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Жұтқыншакқтың кеңейткіш бұлшық еті



бет325/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жұтқыншакқтың кеңейткіш бұлшық еті 
1.Каудальды без-жұтқыншақ бұлшық еті (m. stylopharyngeus) тіласты
сүйектің ортаңғы бунағының медиальды бетінен басталып, көмекейдің 

282
қалқанша шеміршегінде аяқталады. Бұлшық еттің негізгі қызметі жүту 


кезінде жұтқыншақтың артқы бөлігін кеңейтіп, аңқаны тарылтады.



Өңеш құрылысындағы ерекшеліктер. Жылқыда есту түтігінің тесігі
ұзын келеді. Ол хоана тесіктері қабырғасына жақын орналасады. Оның 
медиальды қабырғасында шеміршек пластинкалары мен түтік бадамшалары
болады. Күйіс қайтаратын жануарлар хоаналары екі бүйірінен сығыңқы 
келеді. Есту түтігінің жұтқыншақ тесігі онша үлкен емес. Шошқада
жұтқыншақтың өңешке өтер бөлігінің жоғарғы жағында жұтқыншақ 


қалтасы (recessus retropharyngeus) болады.
Жұтқыншақтың сыртқы адвентиция қабығы борпылдақ дəнекер 
ұлпасынан тұрады.
Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында жұтқыншақ бездері (gl. pharyngeae) 
жəне лимфа фолликулдары орналасқан. Лимфафолликулы жұтқыншақтың
артқы жағында жұтқыншақбадамшасын (tonsilla pharyngeae) түзеді. 
ӨҢЕШ 

Өңеш (пищевод) — oesophagus — жұтқыншақты қарынмен
жалғастырып, жұтылған азықты ауыз куысынан қарынға жеткізетін, ұзын 
түтікше мүше. Денедегі орналасу орындарына байланысты ол үш бөліктен:
мойын бөлігінен (pars cervicalis), көкірек бөлігінен (pars thoracica) жəне 
құрсақ бөлігінен (pars abdominis) тұрады. Түтікше мүше ретінде өңештің
қабырғасында үш қабық ажыратылады. Олар: ішкі кілегейлі қабық, ортаңғы 
етті қабық жəне сыртқы мойын бөлігінде адвентиция қабығы, ал көкірек пен
құрсақ бөліктерінде сірлі қабық. 
Өңештің мойын бөлігі жұтқыншақтан басталады да, қарынға қарай
бағытталып, көмекей мен кеңірдектің дорсальды бетінде орналасады. Ол 
көкірек қуысына кірер алдында, 5 -інші мойын омыртқаның тұсында
кеңірдектің сол жағына қарай иіліп төмен түседі де, көкірек қуысында ол 
қайтадан кеңірдектің жоғарғы жағана көтеріледі. Одан əрі жүректің үстімен,
қолқа доғасының оң жақ бетімен өтіп, 9-10-ыншы қабырғалар тұсында 
көкеттің өңеш тесігі арқылы құрсақ қуысына өтеді. Өңеш қарынның сол
жағындағы кардиальды ұшына барып ашылады. Өңештің қарынға ашылатын 
тесігін қарын кіреберісі (ostium cardiacum) — деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет