К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Сілекей бездері құрылысының нобайы



бет320/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

137 - сурет. Сілекей бездері құрылысының нобайы 

А — құлақ түбі безі, Б — төменгі жақ безі, В — тіл асты безі, Г — аралас соңғы 

бөлімнің көлденең кесіндісі 
1 — бөлікшелераралық өзек, 2 — жолақты өзек, 3 — ендірме өзек, 4 — сірлі соңғы 
бөлім (сірлі сілекей бөлетін белім, қабырғасы сероциттерден тұрады), 5 — кілегейлі соңғы
бөлім (кілегейлі сілекей бөлетін бөлім, қабырғасы мукоциттерден тұрады), 6 — аралас 
соңғы бөлім (аралас сілекей бөледі, қабырғасы сероциттер мен мукоциттерден тұрады), а
— мукоциттер (кілегейлі жасушалар), б — сероциттер (сірлі жасушалар), 7 — 
миоэпителиоциттер.
Сілекей бездерінің гистологиялық құрылысы. Сілекей бездері
құрылысы жағынан күрделі копіршікше немесе түтікшекөпіршікше бездер.
Олар сыртынан дəнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан без 
ішіне қарай тарамдала енген дəнекер ұлпалық аралықтар без паренхимасын
көптеген болікшелерге бөледі. Сілекей бездерінің паренхимасын эпителий 
ұлпасынан құралған, сілекей бөлетін құрылысы күрделі соңғы бөлімдер мен

бездердің шығару өзектері құрайды. Ал бездердің стромасын бездердің
дəнекер ұлпалық қапшықтары мен дəнекер ұлпалық аралықтар түзеді. 
Сілекей бездерін секрет болу ортасына қарай: сыртқы секреция немесе

экзокринді бездерге, ал сілекейді болу сипатына байланысты мерокринді 

бездерге жатқызады. Экзокринді бездер ретінде сілекей бездері секрет

бөлетін соңғы бөлімдерден (ацинустардан) жəне шығару өзектерінен 
құралған. Құрылысы мен бөлінген сілекейдің құрамына байланысты сілекей 
бездерінің соңғы болімдерін: сірлі (белокты) ацинустар, кілегейлі ацинустар
жəне аралас (сірлі кілегейлі) ацинустар — деп бөледі. 
Соңғы болімнің (ацинустың) қабырғасын негіздік жарғақта бір қабатта
орналасқан безді эпителиоциттер (гландулоциттер) құрайды. Соңғы бөлімді 
сыртынан жиырылу қызметін атқаратын, пішіні себет тəрізді өсінділі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет