280
соңғы бөлімдері — ацинустары құрылысы жағынан үш тұрлі болып келеді.
Сірлі ацинустың құрылысы құлақ түбі безіндегі ацинус құрылысына ұқсас.
Сан жағынан шамалы сірлі ацинустармен қатар без бөлікшелерін көптеген
кілегейлі жəне кілегейлі-сірлі (аралас) ацинустар құрайды.
Кілегейлі
ацинустың қабырғасын бір кабатта орналасқан, пішіні призма тəріздес
ақшыл базофилді боялған ірі безді эпителиоциттер (гландулоциттер)
құрайды. Кілегейлі гландулоцйттер кілегей бөледі. Сондықтан, бұл
жасушаларды
мукоциттер — деп атайды. Мукоциттердің таякща келген
ядролары цитоплазманың негіздік жарғақ жағына жақын жатады.
Цитоплазмасында аздаған көпіршіктер кездеседі.
Аралас ацинустардың
негізін кілегейлі соңғы бөлімдер құрайды. Ал сероциттерден құралған сірлі
соңғы бөлімдер, пішіні жарты айға ұқсап, кілегейлі соңғы бөлімді сыртынан
қоршап жатады. Бұларды
"Сірлі жарты ай" — деп атайды. Шығару
өзектерінің құрылысы шықшыт безі шығару өзектеріне ұқсас.
Тіласты (бұғақ)
сілекей безінің гистологиялық құрылысы. Без
құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше, ал сілекейінің құрамына
байланысты кілегейлі-сірлі бездерге жатады. Құрылысы төменгі жақ сілекей
безіне ұқсас. Тек, без бөлікшелерінде кілегейлі ацинустар көбірек болады.
138 - еурет. Төменгі жақ сілекей безі
1 - сірлі ацинус (сірлі соңғы бөлім), 2 - кілегейлі-сірлі (аралас)
ацинус, 3 — сірлі жарты ай, 4 - мукоцит, 5 - ендірме өзекше,
6 — жолақты өзек, 7 — миоэпйтелиоциттер, 8 - без бөлікшелері ішіндегі борпылдақ
дəнекер ұлпасы, 9 - бөлікешелераралық борпылдақ дəнекер ұлпасы, 10 -
бөлікшелераралық шығару өзегі.
Достарыңызбен бөлісу: