279
Ендірме өзекшелер бір-бірімен өзара қосылып, жолақты өзектерді құрайды.
Аталған өзектердің қабырғалары екі қабат жасушалардан құралған. Өзектер
ішкі жағынан бірқабатты эпителий ұлпасымен астарланған. Эпителий
қабатын сыртынан миоэпителиоциттер қабаты қаптап жатады. Өзектердің
қабырғаларындағы аталған қабаттар бір-бірінен негіздік жарғақ арқылы
бөлінген. Соңғы бөлімдер мен ендірме жəне жолақты шығару өзектері, қан
жəне лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дəнекер ұлпалық
аралықтар арқылы байланысып, без бөлікшелерін құрайды. Бөлікшелерді бір-
бірінен бөлікшелераралық борпылдақ дəнекер ұлпасы ажыратады. Жолақты
шығару өзектері бір-бірімен қосылып, ірі бөлікшелераралық шығару
өзектерін құрайды. Шығару өзектерінің арнасы үлкейген сайын, оны
астарлайтын эпителий қабатының жасушалар қабаттары да көбейе береді.
Шығару өзектері бірігіп, ауыз куысына ашылатын сілекей бездерінің негізгі
шығару
өзегін
құрайды.
Эмбриондық
кезенде
сілекей
бездерінің
паренхимасы эктодермадан, ал стромасы мезенхимаан дамиды.
Құлактүбі
безінің гистологиялық құрылысы. Құлақтүбі сілекей безі күрделі
көпіршікше (алвеолалы) без. Сілекейінің құрамына байланысты сірлі
(белокты) бездерге жатады. Бездің соңғы бөлімі —
сірлі ацинусының
қабырғасын пішіні конусқа ұқсас, бір қабатта орналасқан эпителий
жасушалары —
сероциттер құрайды. Олардың дөңгелек келген ядролары
қызғылт түске боялған цитоплазмасының орталығында, негіздік жарғаққа сəл
жақындау орналасады. Ацинус сыртынан пішіні себет тəрізді миоэпителий
жасушаларымен қапталған. Тым жіңішке келген ацинус қуысы соңғы
бөлімнен тар қуысты ендірме өзегіне өтеді. Қабырғасы бір қабат жалпақ
эпителийден құралған
ендірме өзегі сыртынан миоэпителиоциттермен
қапталған. Ендірме өзектері бір-бірімен қосылып, арнасы кең жолақты өзекке
ауысады.
Жолақты өзектің қабырғасын бір қабат призма тəрізді
эпителиоциттер құрайды. Эпителиоциттердің негіздік жарғаққа жақын
жатқан
цитоплазма
бөлігінде плазмолемма қатпарларынан
түзілген
жолақтары, ал олардың апикальды ұшында микробүрлер болады. Жолақты
өзектер де сыртынан миоэпителиоциттермен қапталган. Сілекей безінің
бөлікшелерін борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы байланысып
тұрған: соңғы бөлімдер, ендірме өзекшелер мен жолақты өзектер құрайды.
Бөлікшелер аралық дəнекер ұлпалық аралықтарда жолақты өзектерден
түзілген ірі шығару өзектері орналасады. Олардың қабырғалары бездер
шығару өзектерінің диаметріне
байланысты бірқабатты көпқатарлы немесе
екіқабатты эпителий ұлпасы құрайды. Бездің негізгі шығару өзегін
көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Ол сыртынан тығыз дəнекер
ұлпалық қабатпен қапталғаң
Достарыңызбен бөлісу: