140 - сурет. Əр түрлі жануарлар қарындары А — ит, Б — жылқы, В — шошқа,
Г — сиыр
1 — өңеш, 2 — кардиальды без аймағы, 3 — фундальды без аймағы (қарын түбі), 4
— пилорикалық (қакдақша) без аймағы, 5 — он екі елі ішек, 6 — қарынның
өзіндік безі, 7 — қарын кілегейлі қабығының безсіз аймағы, 8 — жылқы қарнының
түйық қапшығы, а — үлкен иін, b — кіші иін, с — мес қарынның дорсальды қапшығы, с
1
— мес қарынның вентральды қапшығы, d — жұмыршақ, е — қатпаршақ, f — ұлтабар.
Қарын түбі кілегейлі қабығының ішкі бетінде фундальды без өзектері
ашылатын ұсақ қарын шұңқырлары көрінеді. Аш қарынның кілегейлі
қабығының ішкі беті қатпарланып жатады.
Бір бөлімді қарынның гистологиялық құрылысы. Бір бөлімді безді
қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тəрізді эпителиймен
астарланған. Эпителий астындағы борпылдақ дəнекер жəне ретикулалы
ұлпалардан кұралған өзіндік тақташада қарапайым түтікшелі қарын
бездері орналасады. Олардың өзектері кілегейлі қабықтағы қарын
шұңқырларына ашылады. Құрылысы мен сөл бөлу сипатына қарай қарын
безі: кардиальды бездер, фуңдальды (қарын түбі) бездер жəне пилорустық
(ішкақпалық) бездер болып үш түрге бөлінеді. Олар аттарына сəйкес безді
қарынның
кілегейлі
қабығынын
аттас
аймақтарында
орналасады.
Кардиальды қарын бездері өңеппің қарынға ашылатын тесігі маңыңдағы
кілегейлі қабықтың кардиальды аймағында жатады.
Олардың түтікше пішінді секреторлы соңғы бөлімдері тарамдалған.
Түтікше бездің қарын куысына қараған бетіндегі қарын шұңқырларына
ашылатын мойны, өзіндік тақташа бойымен ұзынынан жатқан денесі жəне
кілегейлі қабықтың үшінші етті тақташасымен жанасатын түбі болады.
Кардиальды бездердің қабырғасы негізінен кілегейлі жасушалардан
құралған. Олардың араларында жекеленген негізгі жəне көмкерме
(париетальды) жасушалар кездеседі. Кардиальды бездер сөлі кұрамында
крахмалды ыдырататын амилоидты ферменттер болады. Безді қарынның
негізгі бездері — қарын түбі (фундальды) бездері. Олардың секреторлы
бөлімдері тарамдалмайды. Бездің мойнын бөлініп көбею арқылы камбиальды
қызмет атқаратын жəне қарын кілегейлі қабығының ішкі бетін сылап тұратын
кілегей бөлетін мойындық жасушалар, ал денесі мен тұбінің қабырғасын
пепсиноген ферментін бөлетін негізгі жасушалар құрайды. Олардың
араларында жекеленген кілегейлі жасушалар (мукоциттер) кездеседі.
Солғын базофилді боялған мойындық жасушалардың таяқша ядролары
цитоплазманың негіздік бөлігінде, негіздік жарғаққа жақын жатады.
Апикальды бөлігінде митохондриялар мен Гольдж кешені жəне тұзілген
кілегей тамшылары орналасады.
286
Достарыңызбен бөлісу: |