К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет456/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

күретамыр (мойындықтық) венасы — v. jugularis externa, ал жалпы үйқы
артериясының жоғарғы жағымен кезеген жəне симпатикалық жүйкелердің 
жалпы бағанының мойын бөлігі (truncus vago-sympathicus cervicis) мен ішкі 
күретамыр (мойындьфықгық) венасы — v. jugularis interna — өтеді.
Мойын аумағының алдыңғы жағында, жалпы ұйқы артериясьшан төменірек 


көмекейдің қайтарма жүйкесі (n. laryngeus reccurens) жатады.
Атлант-шұйде буынының тұсында жалпы ұйқы артериясынан миды 
артерия канымен камтамасыз ететін ішкі ұйқы артериясы (a. carotis interna)
ажырайды. Одан əрі жалпы ұйқы артериясының жалғасы сыртқы ұйқы 


артериясы (a. carotis externa) — деп аталады. Жалпы ұйқы артериясынан
дененің мойын аумағындағы көршілес жатқан мүшелерге бұлшық еттерге, 
өңешке жəне кеңірдекке, оларды қоректендіретін майда артерия тармақтарын
(rr. musculares, esophageus et trachealis) жəне қалқанша безге краниальды 
қалқанша артериясын бөледі. Краниальды қалқанша артериясы (a.
thyroidea cranialis) өз кезегінде қоректендіргіш артерия тармақтарын 
қалқанша безге (r. thyroideus), жұткьншаққа (г. pharyngeus) жəне көмекейге (r.
laryngeus) бөледі. 


Ерекшеліктері. Итте оң жəне сол жалпы ұйқы артериялары (аа.
carotis communis dextra et sinistra) иық-бас артериясынан жеке дара бөлінеді, 
ал басқа жануарларда олар ұйқы артериясының бағаны (truncus bicaroticus)
болып, бірге басталады да, соңынан екіге: оң жəне сол жалпы ұйқы 
артерияларына ажырайды. Аталған артериялар мойынның оң жəне сол
жақтарымен басқа қарай бағытталады. 


Жылқыда ұйқы артериясының бағаны иық-бас артериясынан

дорсальды жауырын артериясы (a. scapularis dorsalis), терең мойын 

артериясы (a. cervicalis profunda) жəне омыртқалық артерия (а. vertebralis)
жеке дара ажырағаннан кейін ғана бөлінеді. 
Жалпы ұйқы артериясынан əр түрлі жануарлар денелерінің мойын
аумағына ортақ қан тамырларынан басқа да, жеке дара жануарларға тəн қан 
тамырлары ажырайды. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет