К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет455/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   607
КӨКІРЕК ҚОЛҚАСЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ 

Көкірек қолқасы (грудная аорта) —- aorta thoracica — көкірек керегесі
қабырғасына париетальды тармақтар (дене қабырғасына арналған) — 
ramus parietalis, көкірек қуысындағы мүшелерге висцеральды тармақтар
(ramus visceralis) бөледі. Париетальды тармақтарға: кабырғалараралық 


артериялар (аа. intercostales), ал жылқыда бұлардан басқа алдыңғы 

диафрагмальды артерия (a. phrenica cranialis) жатады. Кабырғалараралық
артериялар (5- қабырғадан соңғы қабырғаға дейін) өз кезегінде дорсальды
жұлындық жəне вентральды тармақтарға бөлініп (омыртқалық, алдыңғы
қабырғалараралық, 
бел
жəне

қарымшақ


артериялары 
да,
осылай

тармақталады), аттарына сəйкес дене аумақтары мен мүшелерді қанмен


қамтамасыз етеді. Висцеральды тармаққа өңеш-бронх бағаны (truncus 
bronchoesophagea) жатады. Ол қолқадан 5-қабырға тұсында бөлініп, одан соң
өңеш артериясына (а. oesophagealis) жəне бронх артериясына (a.
bronchialis) ажырайды. Өңеш артериясы өңешті, ал бронх артериясы өкпенің 
ұлпаларын артерия канымен қамтамасыз етеді.


Қолқа жəне көкірек қолқасы тармақтары бойынша бақылау сұрақтар: 

1. Қолқа қандай бөлімдерге бөлінеді? 


2. Қолқа доғасынан кандай артериялар ажырайды?
3. Иық-бас бағаны кандай тармақтарға ажырайды? Олар тамырландыратын дене 
аумақтарын еске түсіріңіз.
4. Бұғанаасты артерияларының негізгі тармақтары. Олар қандай дене аумақтарын 
тамырландырады?
5. Көкірек қолқасының париетальды жəне висцеральды тармақтары. Олар 
тамырландыратын дене аумақтары мен мүшелер.
6. Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке кешірін алып, 
оларды жаттаңыз.
БАС АРТЕРИЯЛАРЫ 

Жалпы ұйқы артериясы (общая сонная артерия) - - a. carotis communis
— жануарлар денесінің бас аумағын артерия канымен камтамасыз ететін 
негізгі магистральды қан тамыры. Жалпы ұйқы артериясы иық-бас
артериясынан ажыраған бойда кеңірдектің вентро-латеральды бетімен басқа 
қарай бағытталып, содан кейін оның дорсо-латеральды жағына көтеріледі.
Жалпы ұйқы артериясын сыртқы жағынан иық-бас бұлшық еті жауып 

392
жатады. 


Иық-бас
жəне

төс-бас
бұлшық

еттерінің


арасыңдағы 
мойыңдырықтық саймен, жалпы ұйқы артериясынан беткей жатқан сыртқы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет