4. Алдыңғы кабырғааралық артерия (передняя межреберная артерия)
— a. intercostalis cranialis — 2-4 (5) қабырғалараралық артериялардың жалпы
артерия бағаны.
Ерекшеліктері. Жылқыда алдыңғы қабырғааралық артерия дорсальды
жауырын артериясынан ажырайды.
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошкада ол қабырға-мойын
бағанынан бірінші болып ажырап, өз кезегінде бірінші үш қабырғаның
қабырғалараралық артерияларына тарамдалады.
Итте алдыңғы қабырғааралық артерия бұғанаасты артериядан
дорсальды жауырын жəне терең мойын артерияларымен бірге жалпы артерия
бағаны болып бөлінеді.
Əрбір қабырғааралық артерия өз кезегінде үш артерия тармақгарына
ажырайды. Оның дорсальды тармағы (ramus dorsalis) омыртқа бағанының
дорсальды бұлшық еттерін, жұлындық тармағы (r. spinalis) омыртка
өзегінің ішіндегі жұлынды, вентральды тармағы (r. ventralis) қабырғааралық
бұлшық еттерді артерия қанымен қамтамасыз етеді.
5. Беткей мойын артериясы (поверхностная шейная артерия) — a.
cervicalis
superficialis
—
бірінші қабырғаның тұсында бұғанаасты
артериясынан басталады. Беткей мойын артериясы өз кезегінде төмендегідей
2) төмендеген тармақ (r. descendens) латеральды кеуде сайында
орналасады. Бұл тармақтан: а) жауырыналды артерия (a. prescapularis)
бөлініп, жауырыналды жəне жауырын аумақтарындағы беткей шыққан
бұлшық еттер мен теріні қоректендіреді; ə) акромион тармағы (r. acromialis)
шошқа мен итте жақсы жетілген. Бүл артерия тармағы қыралды жəне
қырарты бұлшық еттер мен вентральды тісті бүлшық еттің мойын бөлігін
қанмен қамтамасыз етеді.