К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет457/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

1) каудальды калқанша артериясы (a. thyroidea caudalis) күйіс
кайтаратын жануарлар мен итте болады. Бірақ, итте тұрақты түрде кездесе 
бермейді. Шошқада аталған артерия тек сол жалпы ұйқы артериясынан
бөлінеді; 


2) краниальды көмекей артериясы (a. laryngea cranialis) жылқыда,
күйіс қайтаратын жануарларда жəне шошқада кездеседі. Бүл артерия көмекей 
мен жұтқыншақты қоректендіреді;

3) өрлеме жұтқыншақ артериясы (a. pharyngea ascendens) күйіс
қайтаратын жануарлар мен жылқыда тұрақты кездеседі. Ол жұтқыншақпен 
оның бадамшаларын жəне жұмсақ таңдайды тамырландырады.


393
ІШКІ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ 



Ішкі ұйқы артериясы (внутренняя сонная артерия) — a. carotis interna
— жалпы ұйқы артериясынан дорсальды бағытта бөлініп, шүйде сүйегінің 


жырымдалған тесігі (foramen lacerum) арқылы ми сауытының ішіне еніп,
миды артерия қанымен қоректендіретін негізгі қан тамыры. 


Жылқы мен итте ішкі ұйқы артериясы жақсы жетілген. Жылқыда ішкі
ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясынан бөлінер алдында кеңейіп 
басталады. Артерияның бұл бөлігін ұйқы артериясының қойнауы (synus
caroticus) — деп атайды. Ішкі ұйқы артериясы ми қорабының ішінде миды 
қоректендіретін ұйқы-негіздік артерияны (a. carotico-basilaris), ал итте
алдыңғы жəне артқы үйқыаралық артерияларды (a. intercarotica rostralis
et caudalis) түзеді. 
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада ішкі ұйқы артериясы тек
іштөлдерінде ғана жақсы жетілген. Сақа жануарларда ішкі ұйқы артериясы 
қалдық түрінде, дəнекер ұлпалық желі ретінде сақталған. Ол шүйде
артериясының жетілмеген бір тармағы болып есептеледі. 


СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет