6. Сыртқы көздік артериясы (наружная глазничная артерия) — a.
ophtalmica externa — доға тəрізді иіліп, торлы сүйек тесігіне (foramen
ethmoidale) енгеннен кейін, сыртқы торлы артерия (а. ethmoidalis externa)
— деп аталады.
Көз аумағында сыртқы көздік артериясынан көзге жəне оның көмекші
мүшелеріне төмендегідей тармақтар бөлінеді. Олар:
1) көз жасы безіне арналған көз жасы артериясы (a. lacrimalis);
2) көздің медиальды бұрышын тамырландыратын шығырасты
артериясы (a. subtrochlearis);
3) көздікүсті тесігі (foramen supraorbital) арқылы көздіктен бастың
сыртқы маңдай аумағына шығып, оның терісін тамырландыратын көздікүсті
артериясы (a. supraorbitalis);
4) көздің бұлшықеттеріне, көздің кілегейлі қабығына, жоғарғы, төменгі
қабықтарға арналған артерия тармақтары.
Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда көздікүсті артериясы көздіктің ғажап тамырлы торын (rete mirabile
ophtalmicum) жасайды.
7. Беткей ұрт артериясы (поверхностная щечная артерия) — а. malaris
— маңдай аумағына, мұрынға, төменгі қабыққа жəне үшінші қабыққа
арналған тармақтар бөледі.
8. Көздікасты артериясы (подглазничная артерия) — а. infraorbitalis —
көздікасты өзегі арқылы төмен бағытталып, тістерді қоректендіретін артерия
тармақтарын бөледі.
9. Төмендеген таңдай артериясы (нисходящая небная артерия) — a.
palatina descendens — қанат-тандай шұңқырына бағытталып, бірнеше артерия
тармақтарына ажырайды. Олар:
1) жұмсақтаңдай мен жұтқыншақ қабырғасын тамырландыратын кіші
таңдай артериясы (a. palatina minor);
2) таңдай өзегі арқылы өтіп, қатты тандайдың кілегейлі қабығын,
жоғарғы жақ сүйек пен жоғарғы жақ қойнауын қоректендіретін үлкен