К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Итте жоғарғы жəне төменгі қабақтың бүйірлік артериялары беттің көлденең артериясынан ажырайды.  7. Беттің көлденең артериясы



бет463/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Итте жоғарғы жəне төменгі қабақтың бүйірлік артериялары беттің
көлденең артериясынан ажырайды. 


7. Беттің көлденең артериясы (поперечная артерия лица) — а.
transversa faciei — бет доғасының төменгі жиегімен бойлай өтіп, үлкен 
шайнау бұлшық етін қоректендіреді.
Ерекшеліктері. Қой мен ешкіде беттің көлденең артериясы самай -
төменгі жақ буыны мен үлкен шайнау бүлшық етіне қоректендіргіш 
тармақтар бөлгеннен соң, бастың бет аумағын тамырландырып, бұл
жануарларда жетілмеген бет артериясының қызметін атқарады. 


8. Жоғарғы жақ артериясы (верхнечелюстная артерия) — a. maxil laris
— сыртқы ұйқы артериясынан беткей самай артериясы мен беттің көлденең 
артериясы бөлінгеннен кейінгі жалғасы. Жоғарғы жақ артериясы медиальды
бағытта сынатаңдай шұңқырына қарай бұрылып, бірнеше артерия 
тармақтарына ажырайды. Жылқы мен итте бұл артерия қанат өзегі арқылы
өтеді.


397
Жоғарғы жақ артериясынан төмендегідей артериялар бөлінеді: 



1. Ми қабығының орталық артериясы (средняя оболочечная артерия)
— a. meningea media — жырымдалған тесіктің алдыңғы жағымен ми 
сауытының куысына еніп, мидың қатты қабығын тамырлан-дырады.

Ерекшеліктері. Күйіс кайтаратын жануарларда ми кабығының
орталық артериясы болмайды. 


Итте аталмыш артерия ми сауытының куысына сопақ тесік аркылы
кіреді.

2. Терең каудальды самай артериясы (глубокая височная каудальная
артерия) — a. temporalis profunda caudalis — самай бұлшық етін 
тамырландырады.

Ерекшеліктері. Жылқыда терең каудальды самай артериясы жоғарғы
жақ артериясынан, ол канат өзегіне кірер алдында бөлінеді 


Күйіс қайтаратын жануарларда бұл артерия жоғарғы жақ
артериясынан төменгі альвеола артериясынан кейін ажырайды. Аталмыш 
артерия үлкен шайнау бұлшық етіне ірі тармақ бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет