К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет467/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ҚҰРСАҚ ҚОЛҚАСЫ АРТЕРИЯЛАРЫНЫҢ 

ТАРМАҚТАРЫ 

Құрсақ қолқасы (брюшная аорта) — aorta abdominalis — диафрагмадан
кейінгі қолқаның жалғасы. Құрсақ қолқасы омыртка бағанының төменгі 
бетінде, артқы (каудальды) қуыс венаның сол жағында орналасады.
Диафрагманың оң жəне сол аяқшаларының арасымен көкірек куысынан 
құрсақ қуысына өтіп, одан əрі жамбас қуысына жеткенге дейін, құрсақ
қолқасынан: құрсақ қуысы қабырғасына париетальды артерия тармақтары, ал 
құрсақ куысындағы ішкі мүшелерге висцеральды артерия тармақтары
бөлінеді. 
ҚҰРСАҚ ҚОЛКАСЫНЫҢ ПАРИЕТАЛЬДЫ АРТЕРИЯ 

ТАРМАҚТАРЫ 

1. Каудальды диафрагма артериясы (каудальная диафрагмальная
артерия) — a. phrenica caudalis — құрсақ қолқасынан көкеттің (диа-
фрагманың) қолқа тесігі маңайынан бөлінетін жұп қан тамыры. Каудальды
диафрагма 
артериясы
диафрагманың 
оң
жəне

сол
аяқшаларын 



400
тамырландырып, өзінен бүйрекүсті безін қоректендіретін бүйрекүсті безінің 




краниальды артерияларын (аа. suprarenales craniales) бөледі.

Ерекшеліктері. Жылқыда каудальды диафрагма артериясы болмайды.

Күйіс қайтаратын жануарларда жəне шошқада каудальды диафрагма
артериясы көбіне іш артериясынан бөлінеді. 


Итте каудальды диафрагма артериясы іш артериясымен бірігіп, құрсақ
қолқасынан жалпы артерия бағаны ретінде ажырайды да, содан кейін, іш 
артериясынан бөлінеді.
2. Краниальды құрсақ артериясы (краниальная брюшная артерия) —
a. abdominalis cranialis — құрсақ қолқасынан 1-2 -нші бел омыртқалары 
тұсынан, краниальды шажырқай артериясымен қатар ажырайтын жұп
артерия. Краниальды құрсақ артериясы бел жəне құрсақ бұлшық еттерін 
артерия қанымен қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет