артерияларына (a. auricularis lateralis, medius et medialis) ажырайды,
Ерекшеліктері. Жылқыда біз-емізікше артериясы терең құлақ
артериясынан бөлініп, өз кезегінде ортаңғы құлақтың дабыл қуысы кілегейлі
қабығын тамырландыратын каудальды дабыл артериясын (a. tympanica
caudalis) бөледі.
Күйіс қайтаратын жануарларда каудальды құлақ артериясы құлақ
қалқанын тамырландыратын латеральды, ортаңғы, латеральды ортаңғы жəне
медиальды ортаңғы құлақ артерияларына тарамдалады. Ал медиальды
құлақ артериясы беткей самай артериясынан ажырайды.
5. Үлкен шайнау бұлшық ет тармағы (ветвь большой жевательной
мышцы) — г. massetericus — сыртқы ұйқы артериясының бүйір бетінен
бөлініп, үлкен шайнау бұлшық етін қоректендіреді.
6. Беткей самай артериясы (поверхностная височная артерия) — a,
temporalis superficialis — сыртқы ұйқы артериясынан самай-төменгі жақ
буынының тұсынан басталып, беттің көлденең артериясын бөлгеннен кейін,
самай шүңқырында тарамдалады. Ол өз кезегінде бірнеше артерия
тармақтарын бөледі. Олар:
1) самай-төменгі жақбуын тармағы (r. articularis temporo-man-
dibularis);
2) құлақ қалқаның тамырландыратын алдыңғы құлақ артериясы (a.
auricularis rostralis);
3) жоғарғы жəне төменгі қабақгың бүйірлік артериялары (a. pal-
pebralis lateralis superior et inferior);
4) көз жасы безін қоректендіретін көз жасы тармағы (r. lacrimalis).
Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын мүйізді жануарларда беткей самай
артериясынан аталған қан тамырларынан басқа мүйіз аумағын артерия
қанымен қамтамасыз ететін мүйіз артериясы (а. cornualis), алдыңғы құлақ
артериясынан медиальды құлақтармағы мен ми қабығының тармағы бөлінеді.