К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет507/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Лимфа жүйесінің дамуы. Омыртқасыз жануарлар мен төменгі
сатыдағы омыртқалы жануарларда лимфа жүйесінің қызметін вена қан 


айналым жүйесі атқарады. Балықтар мен қосмекенділерде лимфа айналым
жүйесі қарапайым лимфа қойнаулары түрінде жетілген. Олар негізінен 
терінің
астында

жəне ішкі


мүшелерде 
болады.
Құстарда 
лимфа
қойнауларының орнында жіңішке келген, түтікше лимфа тамырлары 

жетіледі. Лимфа тамырлары тек жүрек жаққа қарай ғана ашылатын


қақпақшалармен жабдықталған. Бірақ олардың саны аз. Ал сүтқоректі 
жануарларда лимфа тамырлары тым жақсы жетілген. Олардың ішкі бетінде
қақпақшалар жиі орналасады. 
Лимфоидты құрылымдар мен лимфа түйіндері тек жылы қанды
жануарларда ғана болады. Мысалы, құстарда мұндай құрылымдар 
жұтқыншақта, өңеште жəне бүйенде орналасады. Ал лимфа түйіндері
негізінен сүтқоректі жануарларда жоғары деңгейде жетілген. 


Лимфа айналым жүйесіне ұлпа сұйығына толған лимфа саңылаулары,
лимфа кеңістіктері, лимфа қойнаулары, лимфа куыстары, сұйық ұлпа — 
лимфа, лимфа тамырлары, лимфа өзектері жəне лимфа түйіндері жатады.

Лимфа саңылаулары эпителиоциттер аралықтарында жəне борпылдақ
дəнекер ұлпасында болады. 


Лимфа кеңістіктері тамырлармаңы (қан тамырларының сыртындағы
ұлпа сұйығына толған кеңістік)— периваскулалы жəне жүйкелермаңы 
(шеткі жүйке талшықтарының сыртқы жағындағы куысты кеңістік) —

периневральды болып бөлінеді.


429



Лимфа қойнаулары қарын мен ішектердің кілегейлі қабықтарындағы 
куысы ұлпа сұйығына толған тұйық түтікшелер.

Лимфа куыстарына ұлпа сұйығына толған ми жəне жұлын
қабықтарының арасындағы кеңістіктер, жұлынның орталық өзегі мен ми 
қарыншалары, көз алмасының қуысы, буын қуыстары, синовиальды
қапшықтар мен қынаптар, плевраның, ішперденің жəне жүрекқаптың сірлі 
қуыстары, ішкі құлақ қуысы жатады.

Лимфа (lympha) — тірі сұйық ұлпа. Ол жануарлар организмерінің
сұйық ішкі орта ұлпасы ретінде жасушалардан (лифобласттар, лимфоциттер, 
макрофагтар, плазмоциттер) жəне жасушааралық заттан (плазмадан)
құралған. Лимфа плазмасын ұлпалар мен мүшелердегі жоғарыда баяндалған 
жасушааралық
саңылаулардан, 
кеңістіктерден,
қойнаулардан 
жəне
куыстардан сорылып, лимфа айналым арнасының лимфа капиллярларына 

өтетін ұлпа сұйығы құрайды. Құрамы жағынан лимфа плазмасы қан


плазмасына ұқсас. Ішектен ағып шығатын лимфаның құрамында ішек 
қабырғасы арқылы сіңірілген липидтер болатындықтан, оның түсі ақшыл
болып келеді. Сондықтан, ішек лимфа тамырларындағы ақшыл келген 
лимфаны хилюс (chylus) - деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет