К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет512/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қыртысмаңы аймағы лимфа түйінінің қыртысты жəне бозғылт
заттары аралығында орналасқан тимусқа тəуедді аймақ. Тимустан келіп 
қоныстанған Т — лимфоцитгердің көбейіп, жетіліп мамандануына қолайлы
микроортаны бұл аймақта ретикулалы ұлпамен қатар, фагоцитоз процесіне 
қатыспайтын саусақша өсінділі макрофагтар жасайды. Макрофагтар
өздерінен антигендерді плазмолемма маңыңда жинақтап сақтап, Т — 
лимфоциттердің осы антигендерге сəйкес дамып жетілуін қамтамасыз ететін
гликопротеидтерді бөледі. Т — лимфоциттер қыртысмаңы аймағында толық 
жетіліп, маманданып эффекторлы жасушаларға айналады.

Бозғылт зат лимфоидты бозғылтша баулардан жəне баулар мен
перделіктер аралығындағы лимфа сұйығы торлы ұлпадан сүзіле ағатын 
орталық қойнаулардан тұрады. Бозғылтша баулар торлы ұлпада орналасқан
В — лимфоциттерден, олардан жетілген плазмоциттерден (иммуноциттер)
жəне макрофагтардан құралған. Баулардың ішімен қан капиллярлары өтеді. 

434
Плазмоциттер G -иммуноглобулиндерді түзіп, қанға шығарады. Баулар да 


лимфа түйіншелері сияқгы сырткы жағынан ретикулин талшықтарымен


байланыскан ретикулоэндотелиоциттермен қапталған. 
Лимфа түйіні койнауларын бір жағынан дəнекер ұлпалық түйін
қапшығы мен перделіктер, ал екінші жағынан лимфа түйіншелері мен 
бозғылт
баулар

шектейді.


Қойнауларды 
лимфоидты
ұлпадан

ретикулоэндотелиоцитгермен оқшауланған ретикулалы үлпа құрайды.


Қойнаулармен əкелгіш лимфа тамырлары арқылы келген ұлпа сұйығы сүзіле 
ағып, құрамындағы бөгде заттардан, микро-организмдерден, олардың зиянды
уытты өнімдерінен биологиялық жəне механикалықжолдармен тазаланады. 
Тазаланудан өткен ұлпа сұйығына лимфа түйіншелерінен, лимфоидты
баулардан дамьш жетілген эффекторлы Т — жэне В — лимфоциттер мен 
иммуногло-булиндер
ретикулоэңдотелиоциттер 
аралыктарындағы
саңылаулар арқылы өтіп, сұйық ұлпа — лимфаға айналады. Лимфоциттер 
мен макрофагтар бөгде заттар мен əр түрлі антигендерді фагоцитоз арқылы
жояды. Орналасу орындарына байланысты қойнаулар: шеткі аралық жəне 
орталық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет