К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет515/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

З.Жұткыншақарты лимфа орталығы (заглоточный лимфоцентр) —
lс. retropharyngeum — бірнеше лимфа түйіндері топтарынан құралған: 
1)медиальды жұтқыншақарты лимфа түіндері (In. retropharyngei
medialis) жұтқыншақтың дорсальды қабырғасында орналасады. Лимфа 
түйіндерінің тyбipi: бас, жұтқыншақ, өңеш жəне көмекей аумақтары. Бұлар
лимфаны кеңірдек лимфа өзегіне өткізеді. 


Ерекшеліктері. Жылқыда 20-40 шақты майда лимфа түйіндерінен
турады. Бұлар лимфаны мойын аумағындағы терең краниальды лимфа 
түйініне өткізеді. Сиырда түйіннің мөлшері 3-6 см, ұсақ малдарда 2-2,5 см.
Шошқада бұл түйін болмайды, ал итте оның мөлшері 1,8-8 см.

2)латеральды жұтқыншақтары лимфа түйіндері (In. retropharyngei
lateralis) шықшыт сілекей безінің астында, атлант қанатының 
шұңқырына жақын орналасады. Лимфаны бас аумағынан жинап, əр түрлі
лимфа түйіндеріне өткізеді. 


Ерекшеліктері. Жылқыда бұл топты ұзындығы 0,3-1,5 см -дей 8 -15
лимфа түйіндері құрайды. Бұлар лимфаны бастан жəне мойынның алдыңғы 
бөлігінен жинайды да, мойынның терең краниальды лимфа түйініне өткізеді.

Сиырда лимфа түйінінің ұзындығы 3-5,5 см -дей, ал ұсақ малдарда мөлшері
кішірек, орналасу орны мен лимфа жинау түбірі сиырға ұқсас. Лимфа бұл 
түйіннен кеңірдек өзегіне ағып өтеді. Шошқада лимфа түйінінің мөлшері 1-3
см, лимфа мойынның беткей лимфа түйініне өтеді. Итте бұл түйін сирек 
кездеседі. Лимфаны ол медиальды жұтқыншақарты лимфа түйініне өткізеді.
3)ростральды тіласты лимфа түйіні (In. hyoideus rostralis) тіласты
сүйектің үлкей мүйіздігінің латеральды бетінде жатады. Лимфа — бұл лимфа 
түйіннен жұтқыншақарты лимфа түйіндеріне ағып өтеді.

4)каудальды тіласты лимфа түйіні (In. hyoideus caudalis) тіласты
сүйектің ортаңғы бунағының латеральды бетінде орналасады. Лимфаны 
жұтқыншақарты лимфа түйіндеріне өткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет