К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет548/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жұлынның сұр заты өз кезегінде нейроциттер, жүйке талшықтары
жəне нейроглиялық құрамы бойынша бір-бірінен анық ажыратылатын 
бөліктерге бөлінеді. Сұр заттың дорсальды мүйізінде: кеуекті қабат, желатин
тəрізді зат, дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы жəне кеуде ядросы бөліктері 
ажыратылады.

Кеуекті қабатты жалпақ ілмекті нейроглия негізінде орналасқан майда
шоғырлы нейроциттер құрайды. 


Желатин тəрізді зат негізінен нейроглиядан тұрады. Бұл жерде аздаған
ұсақ шоғырлы нейроциттер кездеседі. Кеуекті қабат желатин тəрізді зат жəне 
олардың аралықтарында шашыранды орналасқан ассоциативті нейроциттер
жұлын ганглийіндегі сезімтал нейроциттерді жұлынның сұр затының 
вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттермен байланыстырып, жұлын
ішіндегі рефлекторлық доғаны тұйықтайды. 


Дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы дорсальды мүйіздің ортаңғы
бөлігінде орналасады. Бұл ядроның байланыстырғаш нейроциттерінің 
аксондары вентральды ақ дəнекерлік арқылы жұлынның қарама-қарсы
жағыңдағы ақ заттың бүйірлік арқаншаларына отіп, жұлын-мишық жəне 


жұлын-көру төмпегінің өткізгіш жолдарын түзуге кдтысады.

Кеуде ядросын дендриттері тармақталған ірі мультиполярлы
нейроциттер құрайды. Олардың аксондары жұлынның ақзатының өз 
жағындағы бүйірлік арқаншаға өтіп, дорсальды жұлын-мишық жолын
түзеді де, мишыққа дейін көтеріледі. 
Дорсальды мүйізде бұлардан басқа майда мультиполярлы ассоциативті
жəне комиссуральды нейроциттер шашыла орналасып, ассоциативті 
нейроциттердің аксондары сұр заттың өз жағындаға нейроциттермен, ал
комиссуралды нейроциттердің аксондары сұр заттың қарама-қарсы 
жағындағы нейроцитгермен синапс арқылы жалғасады.
Дорсальды мүйіздің аралық аймағында: медиальды (ішке қарай) жəне 
латеральды (бүйір жақ) аралық ядролар орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет