К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет550/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жұлынның ақ заты миелинді жүйке талшықтарынан жəне олардың
аралықтарындағы тіректік қызмет атқаратын нейроглиядан құралған. 
Миелинді жүйке талшықтары жұлын сегменттерін жалғастыратын қысқа
өткізгіш 
жолдарды
жəне

жұлын
сегменттерін 


ми
болімдерімен 

байланыстыратын ұзын өткізгіш жолдарды жасайды. Жүйке толқынын өткізу


бағыттарына қарай, олар орталыққа тепкіш (афферентті) жəне орталықтан 
тепкіш (эфферентті) өткізгіш жолдар болып бөлінеді.


Жүйке жүйесі тақырыбы бойыпша бақылау сұрақтары: 
1. Жүйке жүйесі жануарлар организміндегі орналасу орнына сəйкес қандай 

бөлімдерге бөлінеді?


2. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне қандай мүшелер жатады? 
3. Жүйке жүйесінің шеткі бөлімін қандай мүшелер құрайды?
4. Қызметіне байланысты жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді? 
5. Жулынның қандай қабықтары мен кеңістіктерін білесіз?
б.Организмдегі орналасу орындарына байланысты жұлын қандай бөлімдерге 
бөлінеді?
7. Жұлынның ақ затынын құрылысы мен оның бөліктері. 
8. Жұлынның сұр затының кұрылысы.
9.Тақырып мəтініндегі қазақща-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды 
жаттаңыз.

468



МИДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 


Ми (головной мозг) — encephalon — тірі жануарлар организмдері
мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлесімді реттеп, барлық жүйкелік 
процестердің іс жүзіне асуын үздіксіз бақылып отыратын жүйке жүйесінің
орталық мүшесі. Ол бассүйектің ми сауыты бөлімінде орналасқан жұлынның 
бас аумағындағы жалғасы. Ми көлденең саңылау арқылы үлкен ми
(cerebrum) жəне ромб тəрізді ми (rhombencephalon) болып екіге бөлінеді. 
Үлкен ми өз кезегінде ортаңғы ми, аралық ми жəне соңғы ми, ал ромб тəрізді
ми сопақша жəне артқы ми болімдеріне белінеді. Артқы ми мишықтан жəне 
ми көпірінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет