К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


дорсальды, латеральды жəне вентральды



бет547/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   543   544   545   546   547   548   549   550   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

дорсальды, латеральды жəне вентральды 

арқаншаларға (funiculus dorsalis, lateralis et ventralis) бөледі. Ақ затта
жұлынның сегменттерін өзара байланыстыратын қысқа өткізкіш жолдар 
мен жұлын сегменттерін ми орталықтарымен байланыстыратын ұзын 

өткізгіш жолдар болады.

Жұлынның гистологиялық құрылысы. Жұлын жоғарғы сай мен
перделік жəне төменгі саңылау арқылы бір-біріне тең оң жəне сол бөлікке 
бөлінеді. Оның орталығында ішінде жұлын сұйығы ағып жататын жұлын
өзегі болады. Жұлынның көлденең кесіндісінен, оның шеткі жағы ақ заттан, 
ішкі орталық жағы, пішіні қанатын жайған көбелекке ұқсас сұр заттан
тұратындығы көрінеді. Жұлынның сұр заты сұр дəнекерлік арқылы 
байланысқан оң жəне сол бөліктерден құралған. Əрбір бөлік дорсальды жəне
вентральды 
мүйіздерден,
ал

жұлынның


көкірек, 
бел,
құйымшақ 

сегменттерінде дорсальды жəне вентральды мүйіздердің аралығында


латеральды (бүйір) мүйіз болады. Сұр затты мультиполярлы нейроциттер 
перикариондары (денелері), миелинсіз жəне тым жіңішке миелинді жүйке
талшықтары мен олардың араларындағы нейроглия құрайды. Белгілі бір 

466
қызмет атқаратын нейроциттер топтаса орналасып, сұр заттың ядроларын 


түзеді. Жұлынның сұр затындағы нейроциттерді құрылысына, орналасу


орнына жəне жүйке толқыңын өткізу сипатына қарай үш топқа бөледі. Олар: 
1) аксондары вентральды түбіршік құрамында жұлыннан шығатын түбіршік 

нейроциттері, 2) аксондары сұр зат нейроциттерінде синапспен аяқталатын
ішкі нейроциттер, 3) аксондары жұлынның ақ затында, оның сегментаралық
немесе жұлын мен ми аралығындағы өткізгіш жоддарын түзетін шоғырлы 


нейроциттер. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   543   544   545   546   547   548   549   550   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет