К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет565/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

2.Үшінші ми қарыншасы аралық мидағы пішіні сақина тəрізді қуыс.
Үшінші ми қарыншасының оң жəне сол бүйір қабырғасын көру төмпектері
төбесін эпиталамус, түбін гипоталамус құрайды. Ол алдыңғы жағындағы оң
жəне сол қарыншааралық тесіктер арқылы оң жəне сол бүйірлік ми 

479
қарыншадары куыстарымен, ал артқы жағындағы тесікпен ортаңғы мидағы 


суқұбырымен қатысады.


З.Ортащы ми суқұбыры — пішіні түтік тəрізді миқуысы. Оның төбесін
төрттөмпешік, ал түбін үлкен ми аякшалары, екі бүйірін ортаңғы ми массасы 
құрайды. Ортаңғы ми суқұбыры алдыңғы жағындағы тесікпен үшінші ми
қарыншасы куысымен, ал артқы жағындағы тесік арқылы төртінші ми 
қарыншасы куысымен жалғасады.

4.Төртінші ми қарыншасы ромб тəрізді мида орналасады. Оның түбін
сопақша мидың ромб тəрізді шұңқыры, бүйір қабырғаларын алдыңғы жəне 
артқы мишық аяқшалары, төбесін мишықпен алдыңғы жəне артқы ми 

желкендері (velum medullare rostrale et caudale) кұрайды. Төртінші ми
қарыншасы алдынғы жағындағы тесікпен ортаңғы ми суқұбырымен, артқы 
жағындағы тесік арқылы орталық жұлын өзегімен, қабырғасындағы
тесіктердің көмегімен жұлын пен мидың кабықтары арасындағы кендетіктер 
(субдуральды,
субарахноидальды) 
құыстарымен
жалғасып, 
жұлынми
сүйығының орталық жұйке жүйесі мүшелерінде ұздіксіз ағып, қозғалуын 
қамтамасыз етеді.
Миды да жұлындағыдай үш: қатты, өрмелі жəне жұмсақ қабықтар 
сыртынан қаптап жатады. Сыртқы қаттыүсті кеңістік болмайды. Себебі,
мидың қатты қабығы бассүйектің ми сауыты сүйектерінің сұйекқабымен 
бірігіп кеткен. Қалған қаттыасты жəне өрмеліасты кеңістіктер болады.
Жылқы мен итте миды қоректендіретін негізгі артерия ішкі ұйқы артериясы, 
ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада шүйде, айдаршық жəне
біземізікше артерияларының тармактары. Мидан вена қаны дорсальды жəне 
вентральды вена қойнаулары жүйелерімен ағып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет