К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Сопақша мидың гистологиялық құрылысы



бет553/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Сопақша мидың гистологиялық құрылысы. Сопақша мидың сұр
заты сезімтал жəне қозғалтқыш ми жүйкелерінің ядроларын түзеді. Олар 

470
төртінші ми қарыншасының түбінде, сезімтал ядролар сопақша ми сұр 


затының сыртқы латеральды жағында (сынаша жəне жұқа шоғырлар


ядролары, үшкіл жəне есту жүйкелерінің ядролары), ал қозғалтқыш 


ядролар оның медиальды жағында орналасады. Сопақша мида жүйке
толқындарын мидың басқа бөлімдеріне ауыстырып қосып, жалғастырып 
тұратын нейроциттер ядролары да болады. Солардың бірі зəйтүн (олива)
ядросының нейроциттерінде мишық, ортаңғы мидың қызыл ядросы, торлы 
(ретикулалы) құрылым жəне жұлын нейроциттерінің аксондары синапспен
аякталады. 
Өз
кезегінде 

зəйтүн
ядросының 


ірі
мультиполярлы 

нейроциттерінің аксондары мишық пен көру темпегі нейроциттерімен синапс


арқылы жалғасады. Сопақша мидың орталығында, жоғарыда баяндалғандай, 
ми бөлімдерінің жүмыстарын үйлестіру қызметін атқаратын торлы құрылым
орналасады. 
202 - сурет. Жылқы миының төменгі беті 
1 - иіс баданасы, 2 - иіс жолы мен иіс қатпары, 2
1
— медиальды иіс жолы мен 

қатпары, 2


й
— латеральды иіс жолы мен қатпары, 3 — иіс үшбұрышы, 4 — көру жолдары, 

5 - емізікше дене, 6 - алмұртша бөлік, 7 — үлкен ми аяқшалары, 8 — ми көпірі, 9 -


трапеция тəрізді дене, 10 — мишық, 11 — сопақша ми, 12 - төртінші ми қарыншасының 
бүйірлік тесігі, 13 ~ жұлын, 14 - сопақша ми пирамидасы, 14
1
— пирамидалар айкасы, 15 

— орталық саңылау, 16 — сұр темпек, 17 - көру киылысы, 18 — ми жабыны, 19 - негіздік


сай, 20 - гипофиз, II - XII - - ми жүикелері. 

Торлы 

құрылымды
жүйке

талшықтары


аралықтарында 
жатқан
мультиполярлы нейроциттердің ұсақтоптары құрайды. Ақ заттың негізгі 
бөлігін сопакша мидың вентральды бетіндегі үлкен ми қыртысынан жұлынға
баратын қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған пирамидалар жəне 
оның екі бүйір қапталындағы жұлын-мишық жолдарының сезімтал жүйке
талшықтарынан түзілген жіпше дене құрайды. Ал жұлынның сынаша жəне 
жұқа ядролары нейроциттерінің аксондары сопақша ми торлы құрылымының
аралығымен өтіп, екі жағының жүйке талшықтар шоғырлары орталық сызық 
бойымен қатар орналасып айқасып, көру төмпегіне қарай бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет