К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


овоциттерге айналады. Сарыуыздың овоциттегі қорлануы екі: кіші жəне үлкен өсу кезеңдерінен тұрады. Кіші өсу кезеңі (превителлогенез)



бет60/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   607
овоциттерге айналады. Сарыуыздың овоциттегі қорлануы екі: кіші жəне
үлкен өсу кезеңдерінен тұрады. Кіші өсу кезеңі (превителлогенез) 
басталған бойда ширатылған хромосомалар қайтадан тарқатылып, жасуша
цитоплазмасының белокты синтездеу қызмеұлпаің белсенділігі артады. 
Аталған процесті іс жүзіне асыратын органеллалар (рибосомалар, гранулалы
эндоплазалық тор, Гольдж кешені, митохондриялар) ядро маңына жиналып, 
жедел дамып, жетіле бастайды. Рибосомалар мен РНҚ -ға жауапты ядро
ядрошығы 
да
жедел

жетіліп,


өз

қызмеұлпа


атқара

бастайды.



Превителлогенез (сарыуыздануалды) ұрғашы төлдің жыныстық жетілу
мерзіміне дейін ұзақ жүреді. Екінші үлкен өсу кезеңі — вителлогенезде 
(сарыуыздану) овоциттің сыртқы қабығын құрайтын фолликулалық
жасушалар митоз арқылы көбейіп, көпқабатты қабыққа айналады. Олар 
сарыуыздың қорлануына қажет қоректік заттарды овоцитке үздіксіз
тасымалдайды. Дамып жетілген овоцит органеллалары белсенді қызмет 
атқарып, жасуша цитоплазмасында сарыуыз қорланады да, органеллалар
ядро

маңынан
цитоплазманың 


шеұлпае
қарай

орын
ауыстырады. 


Нəтижесінде жұмыртқа жасушасының қыртысты қабаты түзіледі.
Овогенездің жетілу кезеңінде біріншілік овоциттер жедел екі рет 
бөлінеді. Бұл кезең, негізінен, жұмыртқа жасушасы жұмырт қалықтан
жарылып шығып, жұмыртқа жолына (жатыр түтігіне) түскен кезде жүреді. 
Бірінші бөліну (диакинез) нəтижесінде біріншілік овоциттен екіншілік 
овоцит жəне бағыттаушы денешік пайда болады. Екіншілік овоцит
интерфазасыз мейоз арқылы екіге бөлініп, жетілген овоцит жəне екінші 
бағыттаушы денешік түзеді. Осы кезде бірінші бағыттаушы денешік те, екі
денешікке бөлінеді. Нəтижесінде бір біріншілік овоциттен ядроларында 
хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар, жетілген бір овоцит жəне үш
бағыттаушы денешіктер түзіледі. Соңынан бағыттаушы денешіктер ыдырап 
кетеді. Пісіп жетілген жұмыртқа жасушасының ядросында хромосомалардың


68
гаплоидты жиынтығы (бір X жыныс хромосомасы, қалғандары сомалық 


хромосомалар немесе аутосомалар) болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет