К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет63/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Сперматозоид құйрығының бастапкы бөлігіндегі қоректік заттар қоры
тым аз. Егер аталық жыныс жасушалары ұрықтану кезінде аналық жұмыртқа 
жасушасымен белгілі бір мерзім ішіңде (сүтқоректі жануарларда — 1 - 2
тəулік, құстарда бірнеше апта) кездеспесе, онда сперматозоидтардың 
қозғалысы
тоқтап,

олар
ұрықтануға 


жарамсыз
болып

қалады.
Сперматозоидтардың аналық жыныс жолдарында овоциттерге қарай 


қозғалуларына екі түрлі фактор əсер етеді. Біріншіден, овоцит бөлеұлпа
химиялық зат — гиногамон əсер етеді. Бұл құбылысты хемотаксис - дейді. 
Екіншіден, сперматозоидтардың сұйықтың ағысына қарсы қозғалу қасиеті
бар. Бұны реотаксис — деп атайды. 


Жұмыртқа жасушасының (овоциттің) түрлері жəне құрылысы. 
Овоциттердің сперматозоидтардан негізгі айырмашылықтары: 

70
1. Сперматозоидтарға қарағанда овоциттердің мөлшері үлкен (100- 120 


мкм -нен бірнеше мм немесе см) болып келеді;


2. Бір мезгілде бөлінеұлпа овоциттердің саны сперматозоидтарға 
қарағанда əлдеқайда аз болады;
3.Овоцит 
цитоплазмасында
центросома 
органелласы
болмайды 
(сондықтан ол өз бетімен бөлініп бөлшектенуге қабілетсіз);
4. Овоцит өз бетімен қозғала алмайды. 
Овоциттің мөлшері ұрықтың даму ортасы мен жетілу мерзіміне тікелей.
байланысты. Ұрығы енесінің құрсағында дамитын жануарлардың жұмыртқа 
жасушасында, сарыуыздың көп мөлшерде қорлануының керегі жоқ. Себебі,
ұрық бірінші күннен бастап енесінің жұмыртқа жолы мен жатырындағы 
дайын қоректік заттармен қоректенеді. Ал ұрығы ене организмінен тыс,
мысалы, жұмыртқада дамитын жануарларда, овоцит цитоплазмасындағы 
сарыуыздың мол қорынсыз ұрықтың дамуы мүмкін емес. Сарыуыз қорының
мөлшері мен оның овоцит цитоплазасындағы таралу сипатына байланысты 
жануарлар жұмыртқа жасушаларының бірнеше түрлері ажыратылады.
Сарыуыз қорының жұмыртқа жасушасьшдағы мөлшеріне байланысты 
овоциттер үш топқа бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет